Әл-Фараби кітапханасында ҚР Президенті Архивімен бірлесіп I Халықаралық архившілер конгресі өтті.
«Ашық қоғамға – ашық Архив» атты архившілердің I Конгресі
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: көрмеге келушілерді кітапхана қорындағы қазіргі заманғы деректану, музей, кітапхана ісі, мұрағат ісі бойынша оқу, ғылыми әдебиетпен, сондай-ақ осы салаға арналған заманауи әдебиетпен таныстыру.
Көрме 5 бөлімнен тұрады:
- Кітап – ғасыр мұрасы
- Ұлт мұрасы – ұрпақ қазынасы
- Ұлы дала шежіресі
- Тарих ғылымында өшпес таңба қалдырған ғалым
- Тарихи құжат қоры
«Кітап – ғасыр мұрасы». Көрменің бұл бөлімінде кітапхана тарихы, бөлімдері бойынша монографиялары, жинақтары, оқу-әдістемелік құралдары қойылған. Мысалы, Б. Асанова «Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу : оқу құралы», М. Ақшал «Кітапхананың библиографиялық қызметі : оқу құралы», Н. Дәулетова «Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы : монография», Еуразия кітапханаларының жаңа форматы. Ақпараттық жүйелер және технологиялар» (құраст.: Н. А. Барсукова, К. К. Коштаева, А. Н. Нурсеитова), «Кітапхана ісі мамандығының терминдері : оқу-әдістемелік құрал» (құраст.: М. Т. Раймбекова, Б. С. Асанова). және т.б.
«Ұлт мұрасы – ұрпақ қазынасы». Экспозицияның бұл бөлігі музей тарихы, қазіргі заманғы музей мәселелеріне арналған. Мұнда Қазақстан тәуелсіздігі кезеңіндегі музей ісінің дамуы туралы баяндайтын «Дүниежүзілік көрмелер тарихы : жинақ»; «Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы»; «Білезіктер : альбом каталогы: мұражай қорындағы әшекейлік бұйымдар коллекциясы»;
«Ұлы дала шежіресі». Экспозицияның бұл бөлігі музей тарихы, қазіргі заманғы музей мәселелеріне арналған: Д. Байгунаков «Қазақстандағы музей ісі : оқу құралы», М. Егізбаева «Музей-қорықтар, парктер және ерекше қорғаудағы аймақтар : оқу құралы» және т.б. кітаптар орын тапқан.
«Тарих ғылымында өшпес таңба қалдырған ғалым». Атабаев, Қ. «Деректанудың теориялық мәселелері» : Оқу құралы»; «Теориялық деректану» пәнінің типтік бағдарламасы»; «Деректану пәнін оқыту методикасы» : оқу құралы»; «Деректану» : оқу құралы»; «Мерзімді басылым — ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде»; «Қазақ баспасөзі : Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918)»; «Қазақстан тарихының деректанулық негіздері» : Оқу құралы»; «Ұлт және тарих» : таңдамалы мақалалар жинағы» және т.б. Сонымен бірге Қ. М. Атабаевтың редакциялауымен шыққан кітаптар, ол туралы жазылған кітаптар, өзінің мерзімді бсылымдарда жарияланған мақалалары да осы жерден көрініс тапты.
«Тарихи құжат қоры». Көрменің соңғы бөлімінде қазіргі заманғы мұрағат, жаңа технологияларға арналған кітаптар қойылған. Бұл, атап айтқанда, Қ. Жұмағұлов «Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республиканың қаржы жүйесінің құрылу тарихы мұрағат құжаттары негізінде (1920-1932 жж.) : монография», Б. Нәсенов «Әбілхайыр хан : жинақ», О. Мұхатова «Жеке қор құжаттарының деректік маңызы : оқу құралы», «Жарияланбаған құжаттар : Ватикан Құпия мұрағатынан, Франция Сыртқы істер м-гі Елшілігі мұрағатынан» және т.б еңбектер.
Көрменің оқырмандық бағыты: Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 122-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.