Әл-Фараби кітапханасында Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаевтың 65 жылдығына арналған «Философия: ғылым және кәсіп» атты Халықаралық ғылыми-практикалық форум өтті.
Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы – 1957 жылы 13 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 1980 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Университетті бітіргеннен кейін 1980-1993 жылдары елдің жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметпен айналысты.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы «Философия әлемі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: 1) Конференцияға қатысушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды, университет студенттерін Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлының ғылыми еңбектерімен (монографиялары, оқулықтары, мақалаларымен), сондай-ақ философия бойынша оқу және ғылыми әдебиетпен, ғалымдардың, философтардың жұмыстарымен, жарияланымдарымен таныстыру; 2) Көрмеге келушілерді кітапхана қорындағы қазіргі заманғы жоғары білімнің, біліктілікті арттырудың өзекті мәселелері бойынша оқу, ғылыми әдебиетпен, сондай-ақ философия және оқыту технологиялары бойынша заманауи әдебиетпен таныстыру.
Көрме 2 бөлімнен тұрады:
- Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы – 65 жаста
- Философия әлемі
Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы – 65 жаста. Көрме Ғ. Т. Телебаевтың ғылыми жолын көрсететін бөлімнен басталады. Бұл жерде Ғ. Т. Телебаевтың төмендегі еңбектері қойылған: «Религия и этнос в казахстанском обществе» (Астана – 2004), «Этно-религиозная идентификация населения г. Алматы» (Алматы – 2006), «Столицы как центры туризма и выставок» (баяндамалар жинағы, Астана – 2013), «Столицы в контексте информационного общества» (баяндамалар жинағы, Астана – 2014), «Языковая политика в Республике Казахстан» (Ғ. Т. Телебаевтың жалпы ғылыми жет. және ред., Астана – 2014), «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты» (Ғ. Т. Телебаевтың жалпы ғылыми жет. және ред., Астана – 2014).
Философия әлемі. Көрменің бұл бөлімінде Қазақстан ғалымдары мен философтарының ғылыми еңбектері – философия тарихы мен бөлімдері бойынша монографиялары, жинақтары, оқу-әдістемелік құралдары қойылған. Мысалы, Г. Ж. Нұрышева «Философиялық антропология», М. Ш. Хасанов, В. Ф. Петрова, Б. А. Джаамбаева «Ғылым тарихы мен философиясы», С. Қ. Мырзалы «Философия әлемі», Ж. Алтаев «Ғылым тарихы мен философиясы», А. Рыскиева «Дәстүрлі түрік дүниетанымының рәміздік универсумы» және т.б. кітаптар орналасты.
Көрменің оқырмандық бағыты: Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 90-ға жуық кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде