Ұлағатты ұлт ұстазы

2022 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған іс-шаралар аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған апталық өтті, осыған орай Әл-Фараби атындағы кітапхана ақпараттық-құжаттық кітап көрмесін дайындады.

Күні: 08 қыркүйек 2022 жыл

Көрменің мақсаты:

1) қазақ тілінің түп негізі саналатын түркі тілінің, жазуының көне жазба ескерткіштерінен бастау алатын терең тарихымен таныстыру арқылы қазіргі қазақ тілінің мемлекеттік тіл, ұлтаралық тіл ретіндегі зор әлеуетін көрсету, насихаттау.
2) Отандық тілші ғалымдардың іргелі жұмыстарымен таныстыру арқылы мемлекеттік тілді білуді, оны құрметтеуді, үйренуді насихаттау.
3) Отандық тілші ғалымдардың іргелі жұмыстарымен таныстыру арқылы мемлекеттік тілді білуді, оны құрметтеуді, үйренуді насихаттау.
Көрмеге кітахана қорындағы көне түркі жазба ескерткіштерінен бастап қазіргі қазақ тіліне, тіл біліміне, Қазақстандағы тіл саясатына арналған 200-ге жуық астам құжат қойылды, оның ішінде сирек және құнды кітаптар мен қолжазбалар қорынан шығарылған кітаптар және қазақ тілінің өзекті мәселелері бойынша университетімізде қорғалған диссертациялар бар.

Көрме бөлімдері:

1 — бөлімі: Ұлағатты ұлт ұстазы
5 қыркүйекте барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Бұл бөлім ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, араб графикасы негізіндегі төте жазу сынды жаңа жазу үлгісін ұсынған реформатор.
2 — бөлімі: Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға
Бұл бөлімде А. Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері және әр жылдары жарық көрген кітаптары қойылған. Ерекше назар аударатын – сирек кездесетін кітап – Ахмет Байтұрсыновтың 1926 жылы жарық көрген «Әліппесі». Еңбек 116 беттен тұрады, 128 сурет қолданылған. 1927 жылы «Әліп-бидің (Жаңа құрал)» екінші басылымын Қызылорда, Ташкент қалаларындағы баспа үйлері, 1928 жылы үшінші баспасын Қызылорда баспа үйі 20 000 дана етіп шығарған. Сонымен қатар, бұл бөлімде 1975-2017 жж. «Ғылым» баспасынан шыққан «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» атты 11 томдық кітап топтамасы орын алған. Тағы бір көптомдық – «Қазақ қолжазбалары» (2011-2013 жж.), топтамада қазақ әдебиет үлгілерінің қолжазба мәтіндері басылған. Сондай-ақ бұл бөлімде қазақ тілінің өзекті мәселелері, қазақ тілі тарихы бойынша университет қабырғасында 1949 жылдан бастап қорғалған таңдаулы диссертациялар топтамасы қойылған.
3 — бөлімі: Көрменің қомақты бөлігін қазіргі қазақ тіл біліміне, қазақ тілінің өзекті мәселелеріне арналған І. Кеңесбаев, С. Исаев, Р. Сыздықова, Ы. Маманов, т.б. белгілі отандық көрнекті ғалымдардың зерттеу кітаптары қойылған.
4 — бөлімі: Қазақ тілі — мемлекеттік тіл
Көрменің бұл бөлімінде қазақ тілінің мемлекетік тіл ретіндегі орнына, міндеттеріне, өзекті мәселелеріне, оның ішінде латын графикасына көшу мәселесіне, жалпы Қазақстан Республикасының тіл саясатына арналған «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі», «Латын әліпбиі: талқы, халықаралық тәжірибе және нәтиже», «Тәуелсіз Қазақстан: қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі», т.б. кітаптар орналастырылған.
5 — бөлім: Оқытушы профессорлық құрамның еңбектері
Соңғы бөлімге ҚазҰУ-дың филология факультетінің оқытушы құрамының енбектері қойылды.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, жазушылар, журналисттер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы мұражайы, 1-қабат, 2022 ж. 8 қыркүйек

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 200-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.

Яндекс.Метрика