Жолдасбек Мәмбетовтің 60 жылдығына арналған іс-шара

Әл-Фараби кітапханасында ғалым, филология ғылымдарының кандидаты ЖОЛДАСБЕК МАМБЕТОВ 60 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗІРГІ ӘДЕБИ СЫН: ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МЕН ЭТИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Сын – әдебиеттің шарайнасы, ақылшысы, жолбастаушы пірі. Қазақ көркем сынының бүгіні туралы алаңдап, ертеңі жайлы толғанумыз қажет. Өйткені, өткеннің тағдырлы жолы мен тәлімді мектебі – бүгінгінің негізі, болашақтың бағдары.
Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы кітап көрме ұйымдастырды.

Күні: 17 маусым 2022 жыл

Көрменің мақсаты: Жолдасбек Мәмбетовтың кітаптары мен еңбектерімен таныстыру, әдебиет және әдебиеттану саласындағы жасаған жұмысын көрсету.

Кемел ұстаз, кемеңгер ғалым, тағылымы мол тәлімгер. филология ғылымдарының кандидаты, 1962 жылы 19 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1984-1989 С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің араб бөлімін бітірді, мамандығы – филолог, араб, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы. Алғашқы еңбек жолын Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылындағы «Октябрь» орта мектебінде араб тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1997-1999 жж филология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 1998 жылы академик З. Қабдоловтың жетекшілігімен «Жұбан Молдағалиевтің ақындық шеберлігі» деген тақырыпта кандидиттық диссертациясын қорғап шықты. Жолдасбек Мәмбетов «Жұбан Молдағалиевтің ақындық шеберлігі» (2002 жыл) деген оқу құралының, «Әдебиеттің эстетикалық негіздері» (2011жыл) және «Зейнолла Сәніктің әдеби мұрасы» (2018) деген монографиялардың және 2 әдістемелік құрал мен бірнеше типтік оқу бағдарламаларының және жүзден аса ғылыми мақалалардың авторы. Осы кезге дейін жарық көрмей келген Ғаббас Тоғжановтың «Абай» монографиясын, Есмагамбет Ысмайловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» оқулығын, Зейін Шашкиннің Абай Құнанабаев өлеңдерінің көркемдік сипатына қатысты жазылған еңбектерін мұрағаттан алып, қазіргі харіпке түсіріп, түсініктемелерін жазып қайта бастырып шығарды,

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған әлеуметтанушы қауым, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері т.б.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, газеттер, журналдар, фото.

Яндекс.Метрика