Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚазҰУ келді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы барды.

Еліміздің жетекші университетіне сапары барысында Мемлекет басшысы оқытушы-профессорлар құрамымен және жас ғалымдармен кездесті.

Президент шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұрасына арналған мұражай экспозицияларымен, ҚазҰУ ғалымдарының ғылыми-инновациялық жобаларының нәтижелерімен танысты.

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына оқу ғимараттары мен қызметтік тұрғын үй және студенттік жатақхана салу бойынша ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңін іске асыру жоспарын баяндады.

Мемлекет басшысы оқу орнының зерттеу университетіне трансформациялану бастамасы мен ҚазҰУ-ды қайта жаңғырту жоспарын қолдады.

Президент білім ордасында жоғары білікті мамандар даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

16 марта 2022 года Президент К. Токаев выступил с Посланием народу Казахстана: «Новый Казахстан: путь обновления и модернизации», в котором указаны векторы демократических преобразований в Казахстане. В эти дни наша страна вступает в новую фазу своей истории.

Президент білім ордасында жоғары білікті мамандар даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 1 маусым 2022 жыл

Көрменің мақсаты: кітапхана қорындағы құжаттарды пайдалана отырып, елімізде болып жатқан жаңа реформаларды ашып көрсету, Президенттің, сондай-ақ Қазақстанның басқа да қоғам және саяси қайраткерлерінің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдеріне, соның ішінде, Қазақстанның сыртқы саясатына арналған еңбектерін ұсыну; университет тарихын және профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми жетістіктерін көрсету.

Көрме бөлімдері:

  • Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы;
  • Жаңғырған сыртқы саясат (мемлекет басшысының еңбектері);
  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты;
  • Кітап -даналық қазынасы
  • Университет тарихы;
  • Әл-Фараби трактаттарының жаңа басылымдары;
  • ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми басылымдары.

Негізгі Заңға өзгерістер енгізілмей, жоспарланған ауқымды қайта құруларды тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екені анық. Біздің азаматтарымыз өздеріне «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сұрақты жиі қояды. Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа және нақты жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан, шын мәнінде, Әділ Қазақстан.

Қасым-Жомарт Тоқаев,
Қазақстан Республикасының Президенті

Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы. Көрмені Ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызында жарияланған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы орналасқан «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты бөлім ашады.
Біздің көрменің бірінші бөлімі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және Қазақстанның қазіргі заманғы ішкі саясатына арналған. Бұл билік сабақтастығына арналған кітаптар (мысалы, екі тілде шыққан «Билік сабақтастығы», академик Сұлтан Сартаевтың «Біз конституциялық кеңістікте өмір сүріп жатырмыз» деген кітабы, республиканың мемлекеттік рәміздері туралы, сондай-ақ мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары. «Егемен Қазақстан» газетінің 2022 жылғы 18 наурыздағы санында ректор Ж.Түймебаевтың «Жаңа Қазақстанның дамуының алғышарты» атты мақаласы университет ұжымының Президенттің жаңа саясатын қолдауының белгісі ретінде қойылған.

Жаңғырған сыртқы саясат (мемлекет басшысының еңбектері). Көрменің «Жаңғырған сыртқы саясат»» бөлімінде кітапхана қорларында сақталған Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатиясы жөніндегі әдебиеттер қойылды. Оқырмандар назарына Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың дипломатия мен сыртқы саясаттың өзекті мәселелеріне арналған «Нұр мен көлеңке», «Под стягом Независимости: очерки о внешней политике Казахстана», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» атты еңбектері ұсынылды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Бөлімде сыртқы саясат және дипломатия бойынша әдебиеттер ұсынылған. «Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы», Мұрат Алмасбекұлының «Тәуелсіздік жолындағы дипломатиясы» атты тарих бойынша кітаптар қойылған. Сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ШЫҰ, ТМД сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы кітаптар бар. Мұнда жаһандану жағдайындағы Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттарына арналған А.Арыстанбекованың «Қазақстан БҰҰ-да: тарихы мен болашағы» атты монографиясымен таныса аласыздар. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 1992 жылғы сессияда сөйлеген сөзі, «Әлем. 21 ғасыр» манифесі, Қазақстанның бітімгершілік қызметі туралы кітаптар да қойылған.
«Әлемдік саясаттың алдыңғы қатарында. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде – 2017-2018» тақырыбындағы кітап бізді Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына қатысты ең жарқын оқиғалармен таныстырады.
Сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы әдебиеттер ұсынылды.

Кітап -даналық қазынасы. Бұл бөлім ҚазҰУ-дың 1948 жылғы түлегі, қазақтың майдангер жазушысы, Қазақстанда детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың шығармашылығы мен өмірбаянына арналған. Кемел Тоқаев «Соғысқа аттанған солдат», «Жұмбақ із», «Тасқын» сынды ондаған кітаптардың авторы. Мұнда олардың алғашқы басылымдарын да, жазушының таңдамалы шығармаларын қамтитын бес томдықты да көруге болады. Жазушының өмірбаянына Президенттің екі тілде шыққан «Азамат. Кемел ТОҚАЕВ: өмірі мен тағдыры», «Әке туралы сөз» кітаптары және университеттік «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан басылым да арналған.

Университет тарихы. Көрменің бұл бөлімінде университет тарихы, профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми қызметі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктері туралы әдебиеттер ұсынылған.

Әл-Фараби трактаттарының жаңа басылымдары. Көрменің бұл бөлімінде әл-Фараби еңбектерінің жаңа басылымдары ұсынылған, соның ішінде әл-Фарабидің «Ғылым туралы кітабы», «Философиялық трактаттары» және ұлы ғалымның басқа да трактаттары бар. Сондай-ақ, 2020 жылы ұлы ғалымның 1150 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жарық көрген «Әбу Насыр әл-Фараби» энциклопедиясы қойылған.

ҚазҰУ оқытушы – профессорлар құрамының еңбектері. Бөлім филология факультеті мен журналистика факультеті ғалымдарының еңбектеріне арналған. Атап айтқанда, бұл филология ғылымдарының докторы, профессор Жансейіт Түймебаевтың қазақ тіл білімі, тіл тарихына арналған еңбектері; профессорлар Берікбай Сағындықұлы, Жанғара Дәдебаев, Өмірбек Әбдіманұлы, Баян Жолдасбекова және т.б. ғалымдардың және журналистика саласында Темірбек Қожакеев, Марат Барманқұлов, Сағатбек Медеубекұлы және т.б. профессорлардың еңбектері орналасқан. Келесі сөреде тарихшы, заңгер, экономист, географ ғалымдардың еңбектері қойылған. Бөлім университет ғалымдарының философия, дін, педагогика, психология бойынша еңбектеріне арналған. Мұнда химия және химиялық технология мен биология факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері орналастырылған. Бөлімді механика-математика, физика-техникалық және ақпараттық технологиялар факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамының жұмыстары аяқтайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми басылымдары. Көрменің соңғы бөлімінде ҚР БжҒС БК ұсынған ғылыми басылымдар – ғылым салалары бойынша бюллетеньдер, сілтеме индексі жоғары журналдар бар.

Көрменің оқырмандық бағыты: ҚР Президенті, қонақтар, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және т.б.

Көрме безендірілуі: кітап, журнал, нақыл сөздер, дәйексөздер.

Яндекс.Метрика