Раушан Елемесовке 80 жас

Халықаралық қатынастар факультетінде экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекет және қоғам қайраткері Раушан Елемесұлы Елемесовтың 80 жылдығына арналған ақпараттық-құжаттық конференция өтті.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 28.05.2022 ж

Көрме ұйымдастырушысы: Әл-Фараби кітапханасы.

Көрме 4 бөлімнен тұрады:

  • Ғалым Раушан Елемесұлы Елемесовтың туғанына 80 жыл
  • Өлшеусіз еңбек
  • Ұстаз есімі мәңгі
  • ҚазҰУ оқытушыларының еңбектері

Көрмеге қысқаша шолу:

Ғалым Раушан Елемесұлы Елемесовтың туғанына 80 жыл. Р. Е. Елемесов Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында дүниеге келгендердің бірі болды. Негізі кәсібі малшы болған оның әкесі Елемес дәстүрлік далалық өмір сүрді. Қыстауы Арыс өзенінің жағалауында болса, көктем шыға Қаратау баурайына көшіп кететін. 1942 жылдың көктемінде осы мекенжайда Раушан есімді бала дүниеге келді. Қазіргі – Бәйдібек ауданының Боралдай селолық округінің Түйетас ауылы. Тұлғаның қалыптасуына Мәскеудегі қазақ диаспорасы да аз ықпал еткен жоқ. Профессор Р. Е. Елемесовтың мағыналы да өнегелі өмірі жайлы М. Б. Батырбековтың «Жоғары мектептің аса көрнекті ғалым-педагогтары. Қазақстан Республикасы» кітабынан және «Елемесов Раушан Елемесұлы» биобиблиографиялық көрсеткішінен табуға болады.

Өлшеусіз еңбек. Раушан Елемесовтың әлемдік саяси экономика және халықаралық қатынастар саласы бойынша монографиялары, екі жүзге тарта ғылыми мақалалары жарық көрген. Әр жылдары жарық көрген кітаптары, конференция материалдары және мерзімді баспасөз мақалалары осы бөлімнен орын алған.

Ұстаз есімі мәңгі. Профессор Р. Елемесов төрт докторлық және жиырмаға тарта кандидаттық диссертацияларға жетекшілік еткен. Экономика саласы бойынша екі Ph.D ғылыми жетекшісі болды. Бөлімде Р. Елемесов туралы әріптестерінің, оқушыларының естеліктері орналастырылған.

ҚазҰУ оқытушыларының еңбектері. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлық құрамының экономика және халықаралық қатынастар саласы бойынша еңбектері ұсынылды.

Көрменің оқырмандық бағыты: кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері және т.б.

Көрмеде ұсынылған құжаттар: кітаптар, мерзімді басылымдар.

Яндекс.Метрика