Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде Абай ғылыми теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Профессор Алма Қыраубаева: ұзтаздық ұлағаты мен ғылыми мұрасы»атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
1970 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін, 1973 жылы аспирантураны тәмамдаған. Ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтің себепкерлігімен ҚазҰУ-да қызметке қалады. 1974 жылы ҚазҰУ-да ассистент, 1978 жылы аға оқытушы, 1981 жылы доцент, 1998-2000 жылдары профессор болып қызмет атқарған. Ұстаздығымен қатар 1993 жылы Жандосов ауылында қазақ гуманитарлық мәдениет лицейін ашады. 2000-2001 жылдары Мырзатай Жолдасбековтің шақыртуымен Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, профессор және Қазақ ұлттық музыка академиясында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 26 мамыр 2022
Көрменің мақсаты: Конференцияға жиналған қонақтарға, студенттерге және оқырмандарға филология ғылымдарының докторы Алма Қыраубаеваның және филология саласында жүрген оқытушыларымыздың еңбектерін таныстыру.
Көрме 3 бөлімнен тұрады:
- Ұлт руханиятын арқалаған Алма
- Алма Қыраубаева – әдебиеттанушы ғалым, кемеңгер ұстаз.
- Оқытушы–профессорлардың еңбектері
Ұлт руханиятын арқалаған Алма. Қазақ әдебиетін ежелгі тарихы – Алма Қыраубаеваның ғылыми ізденістерінің негізгі өрісі, тыныс-аясы.
Ұрпақ ұғымындағы туған әдебиетіміздің негігі Бұқар жыраудан қаланып, оған дейінгі көне дәуірлердің сыры ашылмай, жұмбақ болып келеді. Осы бөлімінде Алма Қыраубаеваның « Жаным садаға», « Ежелгі әдебиет», «Шығыстық Қисаа-дастандар» және тағы да басқа еңбектері ұсынылды. Оның ішіндегі «Жаным садаға» атты тәрбие тақырыбында жазылған бұл кітабы оның ұзақ жылдық ұстаздық тәжірбиесінің жемісі., ал «Ежелгі әдебиет» — төл әдебиетіміздің тылсым тереңі, қайнар бастауы осынау ғұмыр-дариядан иірімделетін баяндайтын мектепке арналған тұңғыш бейнелі оқулық.
Алма Қыраубаева – әдебиеттанушы ғалым, кемеңгер ұстаз. Алма Қыраубаева – түркі халықтарының ортақ орта ғасыр әдебиетінің бірнеше ғалыми еңбек жазған ұстаз-педагог, филология ғылымдарының докторы. Осы бөлімде «Өнегелі өмір» және Алма Мүтәліпқызы туралы мерзімді басылымдар ұсынылды. Атап өтетін болсақ: Түркістан газетінде жарияланған «Қыраубаеваның мектебі» атты, « Айқын» газетінде басылып шыққан «Бар шәкіртінің сүйіктісіне айналған Алма апай еді…» атты және тағы да басқа мерзімді басылымдар ұсынылды.
Оқытушы–профессорлардың еңбектері. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы – профессорлық құрамының Филология саласы бойынша еңбектері ұсынылды.
Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері т.б.
Көрменің безендірілуі: кітаптар, дәйексөздер, фотосуреттер.
Көрме құжаттары: кітапхана қорының 40-қа жуық кітап.