Әл-Фараби кітапханасында ҚазҰУ журналистика факультеті «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Журналистика факультеті – 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Факультет құрамында 3 кафедра бар: баспасөз және электронды БАҚ; ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа; баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер. Факультеттің ерекше бөлімі – М.Барманқұлов атындағы телерадиокешені, «Әл-Фараби» каналы, «Әл-Фараби» радиосы, Фотозертхана. Қазіргі уақытта журналистика 800-ден астам студент, магистрант және PhD докторант білім алады.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 24 мамыр 2022 жыл
Көрменің мақсаты: конференцияға қатысушыларды, студенттерді, магистранттарды кітапхана қорындағы журналистикаға қатысты кітаптармен таныстыру.
Көрме үш бөлімне тұрады:
- Журналистика – алып мұхит
- Әлеуметтік медиа
- Бұқаралық ақпарат құралдары
Журналистика – алып мұхит. Журналитстика — билік пен халық арасындағы дәнекер. Қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір. Жалпы, «Журналистика» ұғымы «тұрмыста болып жатқан жәйттар мен қоғамдағы актуалды мәселелерді шығармашылық тұрғыда өңдеп, оның жиынтығын бұқаралық ақпараттық құралдар (телевидение, баспа, интернет, радио) арқылы көпшілікке тарату» деп айтуға болады. Ақпараттың өңделу мен таралу барысында қолданылған технология мен жабдықтардың түр-сипатына қарай журналистиканың санаты да анықталады. Көрменің бұл бөліміне: 3 томдық «Қазақ журналистикасы» кітабы, Н.Омашевтың, Қозыбаевтың, Барманқұловтың, Қожакеевтың, Уайдиннің, Кенжалиннің, Ыдырысовтың т.б журналистика корифейлерінің кітаптары қойылды.
Әлеуметтік медиа. Әлеуметтік желілер – коммуникацияға, ақпарат пен мазмұнмен алмасуға және басқа да әлеуметтік өзара әрекеттесуге арналған Интернет платформасы. Олар жұмыс, демалыс және ойын-сауық үшін пайдаланылады, адамдар тобының бір-бірімен үйлестіруіне және кең ауқымды функцияларға ие болуына мүмкіндік береді. Неғұрлым ықшам мессенджер пішімінен айырмашылығы, әлеуметтік желі әдетте мазмұнды бөлісу және тұтыну мүмкіндігін қолдайды. Ол жалпыға ортақ. Әлеуметтік желілерді бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар пайдаланады, бұл оларды онлайн маркетинг үшін тамаша құрал етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. Mass media) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
Көрменің оқырмандық бағыты: іс-шараға жиналған ғалымдар, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлер, т.б.
Көрме құжаттары: Әдебиеттер саны – дана.
Көрменің безендірілуі: кітаптар, журналдар, мақалалар, фотосуреттер, дәйексөздер.