ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник, профессор Уахит Хамзаұлы Шалекеновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан археологиясы, этнологиясы және отандық тарихтың өзекті мәселелері: заманауи тәжірибе және даму бағыты» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Елімізге белгілі тарихшы-ғалым, профессор, әрі этнолог, әрі археолог, қазіргі кездегі тарихшылар қауымының ақсақалы әрі кейінгі толқынның ұстазы, екінші дүниежүзілік соғысқа 18 жасында қатысып, Отан қорғаған ардагер Уахит Шалекенов бүгінде тұғырлы 100 жасқа толар еді.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 16 мамыр 2022 жыл
Көрменің мақсаты: студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, қонақтардың шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. Сол кезде жаңадан ашылған археология және этнография факультетінің аяғынан тік тұрып кетуіне, кафедраның ғылыми бағытын анықтауға, ғылыми байланыстар орнатуға бар күшін салған, тарихшы-ғалым, профессор Уахит Шалекеновтың еңбек жолында қосқан үлесін айтып, еңбектерімен таныстыру.
Көрме 3 бөлімнен тұрады:
- Ғалым.Тұлға.Қайраткер
- Тағылымы мол ұстаз
- Археологиялық ескерткіштер
Ғалым.Тұлға.Қайраткер. Профессор У.Х.Шәлекеновтың өмірі мен ғылыми ұстаздық қызметі үлгі-өнеге. Уақит Хахзаұлы Астрахан облысы, Қарабайлы ауданы Серікбай аулында 1924 жылы 12 мамырда жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған Шәлекенов Қарақалпақстанға әпкесінің қолына көшіріледі, сондықтан саналы ғұмырының біраз бөлігі Қарақалпақстанда өтеді. 1943 жылы сол жерден майданға аттанады. Майданда ауыр жараланып 1943 жылы елге оралды. Маданда көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз» және бірінші және екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды. Соғыстан оралған соң Нөкіс мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқып шығады.
1973 жылы конкурспен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті археология және этнография кафедрасының меңгерушісі ққызметіне сайланады. 1974 жылы профессор У.Х.Шәлекнов ҚазМУ-дың жанынан алғаш рет «Университетінің тарих факультетінің археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Осы экспедицияның нәтижесінде орта ғасырлардағы түркілердің ірі астанасы «Ақтөбеде» тарих факультетінің ірі археологиялық тұрақты базасын ашты. 1977-1985 жж. Тарих факультетінің деканы қызметін атақара жүріп, факультеттің өсіп-өркендеуіне де көп жағдай жасайды.
Тағылымы мол ұстаз. У.Х.Шәлекенов елімізге танымал жан-жақты тарихшы, археолог, этнограф. Оның осы салада жарық көрген еңбектерімен мақалалары да тарихымыздың ашылмай жатқан беттерін толықтырып өзіндік үлесін қосты.
Тарихты зерттеу үшін ең алдымен оның түп-тамырын зерделейтін ғылымдарға үңілуіміз керек. Солардың бірі келелі болашағы бар этнология ғылымы. Этнология ғылымы – халықтың салт-дәстүрін жаңа заманмен қабыстыра зерттейтін және халықтардың тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениеттерін, халықтың этникалық тарихы мен этнологиялық үдерістерді саралайтын ғылым саласы. Этнографиялық экспедиция барысында ғылымға әлі белгісіз тың дүниелер ашылып, таныс дүниелер толтырылып одан әрмен зерттеле түседі.
Археологиялық ескерткіштер. Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен. Осыған байланысты, Қазақ университетінің баспасынан «Қазақ археологиясы» атты кітаптары қойылды, авторлары: Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ., Жұмағанбетов Т. көрменің басты мақсаты – студенттерді отандық археология тарихынан хабардар ету.
Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрменің безендірілуі: кітап, журнал, газет.