XIV жас тілшілер Форумы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Ұлан» газетінің қолдауымен «XIV жас тілшілер Форумы» өтті.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы кітап көрме ұйымдастырды.

Күні: 29.04.2022

Көрменің мақсаты: Форумға жиналған қонақтарға, студенттерге және оқырмандарға журналистика саласында жүрген оқытушыларымыздың еңбектерімен, Қазақстандағы жас тілшілер туралы кітаппен және бұқаралық ақпарат құралдары жайлы еңбектермен таныстыру.

Көрме 3 бөлімнен тұрады:

  • «Журналистика алып мұхит»
  • «Баспасөз-ұлттың үні, рухтың жыры»
  • «Бұқаралық ақпарат құралдары»

«Журналистика алып мұхит». Журналистика – билік пен халықтың арасындағы дәнекер. Қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір. Журналистика – ауыр сала. Жалпы, «Журналистика» ұғымы «тұрмыста болып жатқан жәйттар мен қоғамдағы актуалды мәселелерді шығармашылық тұрғыда өңдеп, оның жиынтығын бұқаралық ақпараттық құралдар (телевидение, баспа, интернет, радио) арқылы көпшілікке тарату» деп айтуға болады. Көрменің бұл бөліміне 3 томдық Қазақ журналистикасы, Н.Омашевтың «Ақпарат әлемі», Қозыбаевтың, Барманқұловтың, Қожакеевтың, Уайдиннің, Кенжалиннің, Ыдырысовтың т.б журналистика корифейлерінің кітаптары қойылды.

«Баспасөз-ұлттың үні, рухтың жыры». Мерзімді басылымдардың тарихи дерек ретіндегі қызметі айқындалып, олардың тарихтағы орны көрсетілді. Қазақ баспасөзінің тарихы ХІХ ғ. аяғында басталып, бүгінгі күнге дейін жеткендігі жəне тарихи дамудың əр кезеңдерінінен өткен отандық газет-журналдардың жалпы жағдайы туралы баяндалады. Мерзімді басылымдар үш түрге бөлінеді: газеттер, журналдар жəне ғылыми қауымдастықтың мерзімді басылымдары. Түрлерін белгілеуге байланысты қолданатын терминдер қазіргі кездегі өз атауларына сəйкес келеді. Мерзімді басылымдарды олардың атқаратын қызметтеріне қарай жіктеуге болады. Мерзімді басылымдардың негізгі мақсаты — қоғамдық пікірді қалыптастыру.

«Бұқаралық ақпарат құралдары». Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі міндеттері – жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ – тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Көрменің бұл бөлімінде бұқаралық ақпарат құралдарының міндттерін айқындайтын кітаптар және осы салада жазған профессорларымыз бен оқытушыларымыздың еңбектері қойылды.

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітаптар, журналдар.

Яндекс.Метрика