Әнуар Сауатұлы Тарақов 1956 жылы 23 сәуірде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітіргеннен кейін 1980-1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1990-1992 жылдары «Парасат» журналында, 1992-2000 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде қызмет істеген.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 22 сәуір 2022
Көрменің мақсаты: Әнуар Тарақовтың аударма өнеріндегі үлесін, еңбектеріндегі – үлкен талант пен шеберлігін, аудару ісіндегі ұқыптылығын, айырықша талғамын, таным тереңдігін, жауапкершілігін көрсету. Негізгі мақсаты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, қонақтардың шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.
Көрме 2 бөлімнен тұрады:
- «Әнуар Тарақов филология ғылымдарының докторы»
- «Аударма әлемі»
«Әнуар Тарақов филология ғылымдарының докторы». Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, М.Дулатов атындағы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ақын, аудармашы, 2002 жылдан бері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультеті, әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасының дәріс беруші профессоры. 1998 жылы «Өлең-толғаулар және тарихи жыр-дастандардағы Абылай хан тұлғасы» атты тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғаған. 1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты болған. Қазір ғылыми, педагогикалық жұмыспен шұғылданады.
«Аударма әлемі». Әнуар Тарақовтың қазақ әдебиеті, әдебиеттану, фольклор, әдебиет сыны, аударма, журналистика, өнер мәселелеріне қатысты 200-ден астам зерттеу мақалалары бар. Публицистикалық және көркем аудармамен айналысады. «Әлем әдебиеті және көркем аударма» пәні бойынша типтік бағдарламаның авторы. «Абай институтының хабаршысы» журналының редалқа мүшесі. Факультеттегі әдебиеттану секциясының төрағасы. Өлеңдері «Баспалдақтар», «Атамекен» деген ұжымдық жинақтарға енген. Бірнеше әндерге сөз жазған. 1998 жылы «Өлең-толғаулар және тарихи жыр-дастандардағы Абылай хан тұлғасы» атты тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғаған. 1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты болған. Қазір ғылыми, педагогикалық жұмыспен шұғылданады. Көрмеге Ә.Тарақовтың «Аударма теориясы» «Ауызша аударма», «Аудармашының кәсіби қызметінің негіздері», «Кемеңгерлік кереметіндегі көркемдік», «Әлем әдебиеті және көркем аударма», «Абайдың аудармашылық таланты» кітаптары қойылды.
Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітаптар, журналдар, фотосуреттер.