Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясына отыз жыл: жетістіктері, сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 22 сәуір 2022 ж
Көрменің мақсаты: Қазақстанның сыртқы саясаттағы рөлі мен орнын, маңызын, жеткен жетістіктерін көрсету.
Көрме 6 бөлімнен тұрады:
- «ҚР Президентінің халықаралық аренадағы рөлі»
- «Тәуелсіздік жылдарындағы дипломатия»
- «Жаңғырған сыртқы саясат»
- «Қазақстан әлемдік ұйымдастықта»
- «Даму жолындағы стратегиялық серіктестік»
- «Халықаралық ынтымақтастық – бейбітшілік бастауы»
«ҚР Президентінің халықаралық аренадағы рөлі». Көрменің бұл бөлімінде еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың еңбектері, дипломатиялық рөлі, Елбасы саясатын жалғастыру арқылы қоғамдағы қызметі, бүгінгі күн өзгерістері жайлы басылымдарды көреміз. Бұл жерде Қ.Тоқаевтың «Сыртқы саясат», «Қазақстан Республикасының Дипломатиясы» және ағылшын тіліндегі кітаптары қойылды
«Тәуелсіздік жылдарындағы дипломатия». Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішіндегі дипломатиялық қызмет, дипломатиялық саясат және дипломатия тарихы соның ішінде алғашқы дипломаттардың бірі болған Қанат Саудабаев туралы, сондай-ақ ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың Қазақстанның Түрік Республикасындағы «Төтенше және өкілетті елшісі» болғандағы енбегін көрсетіп кеттік, және біздің қорда жинақталған тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан дипломаттарының қызмет жолындағы тәжірибелік еңбектері.
«Жаңғырған сыртқы саясат». Сыртқы саясаттағы негізгі мақсаты елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. Бұл бөлімде қорымыздағы Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы саясатына байланысты кітаптар қойылды.
«Қазақстан әлемдік ұйымдастықта». Қазақстан халықаралық саясатта беделі бар ел. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды, кейін ең ірі әлемдік және аймақтық деңгейдегі ұйымдарға да мүше атанды. «Манифест ХХІ» жобасы ,Ең бірінші болып Ядролық қаруды таратпау саласында еліміз бүкіл әлемге үлгі көрсетіп, ядролық қарудан бас тартты. БҰҰ-ң бастаған «Жасыл» Экономиканы дамыту жобасы. Сондай-ақ «Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ», «Шанхай ынтымақтастық ұйымы», «Ислам ынтымақтастық ұйымы», ТМД мемлекеттерінің арасындағы құрылған «Еврозес» ұйымы т.б халықаралық ұйымдар туралы кітаптар қойылды.
«Даму жолындағы стратегиялық серіктестік». Бұл бөлімге Қазақстанның стратегиялық серіктестермен қатынастарды көрсеткіміз келді, бұл мемлекеттер Сауыд Арабиясы, АҚШ, Қытай және Ресей.
«Халықаралық ынтымақтастық – бейбітшілік бастауы». Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты қағидаларын алға қойып отыр. Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды.
Сондай-ақ маңызды бір тоқталып кететін мәселе ол Қазақстан Республиқасының аймағында ұсталатын діндер. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың ұснысымен Дінаралық съезд өтіп тұрады. Бұл жиынның мақсаты: құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз, өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.
Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітаптар, журналдар, фотосуреттер.