VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2022 жылдың 7 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа» кафедрасының ұйымдастыруымен, ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Фараби оқулары аясында «Тұрақтақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 7 сәуір 2022 ж

Көрменің мақсаты: конференцияға қатысушыларды, студенттерді, магистранттарды кітапхана қорындағы журналистикаға қатысты кітаптармен таныстыру.

Журналистика факультеті – 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Факультет құрамында 3 кафедра бар: баспасөз және электронды БАҚ; ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа; баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер. Факультеттің ерекше бөлімі – М.Барманқұлов атындағы телерадиокешені, «Әл-Фараби» каналы, «Әл-Фараби» радиосы, Фотозертхана. Қазіргі уақытта журналистика 800-ден астам студент, магистрант және PhD докторант білім алады.

Көрме 3 бөлімнен тұрады:

  • «Тұрақты білім беру – тұрақты даму»
  • «Халықаралық журналистика және медиа»
  • «Журналистика – алып мұхит»

«Тұрақты білім беру – тұрақты даму». Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру. Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. Тұрақты даму үшін білім беру барлық адамдарға қажетті білім, дағдылар мен көзқарастарды меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл бөлімге «Рухани жаңғыру» аясында шыққан Стив Бартлеттің «Білім берудегі зерттеулер», Сальниковтың «Устойчивое инновационное развитие», Деловарованың «Миграционные процессы в контексте меняющихся реалий глобализации и устойчивого развития» т.б кітаптар бар.

«Халықаралық журналистика және медиа». ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін алу мақсатына байланысты БАҚ менеджменті және жарнама, халықаралық журналистика және ЮНЕСКО кафедраларының бірігуі жолымен 2011 жылы құрылды. Кафедра «Қоғаммен байланыс» және «Халықаралық журналистика» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Бұл бөлімге Н.Шыңғысованың «Зарубежная журналистика», Л.Ахметованың «Международные стандарты журналистики ЮНЕСКО в Казахстане», О.Ошанованың « Бақ заңнамасы жэне этика», сондай ақ Ибраеваның, Рожковтың, Дудинованың, Мысаеваның, Тлебергенованың, Негізбаеваның, Бекболатұлының кітаптары қойылды.

«Журналистика – алып мұхит». Журналистика – билік пен халықтың арасындағы дәнекер. Қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір. Журналистика – ауыр сала.
Жалпы, «Журналистика» ұғымы «тұрмыста болып жатқан жәйттар мен қоғамдағы актуалды мәселелерді шығармашылық тұрғыда өңдеп, оның жиынтығын бұқаралық ақпараттық құралдар (телевидение, баспа, интернет, радио) арқылы көпшілікке тарату» деп айтуға болады. Ақпараттың өңделу мен таралу барысында қолданылған технология мен жабдықтардың түр-сипатына қарай журналистиканың санаты да анықталады. Көрменің бұл бөліміне 3 томдық Қазақ журналистикасы, Н.Омашевтың «Ақпарат әлемі», Қозыбаевтың, Барманқұловтың, Қожакеевтың, Уайдиннің, Кенжалиннің, Ыдырысовтың т.б журналистика корифейлерінің кітаптары қойылды.

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Яндекс.Метрика