«Ыдырысов оқулары» аясындағы ғылыми-тәжірибелік конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде «Ыдырысов оқулары» аясында «БАСПА ІСІ ЖӘНЕ МЕДИАДИЗАЙН: ҚАЗІРГІ ТРЕНДТЕР, ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2022 жылдың 6-сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, журналистика факультетінің «Баспагерлік –редакторлық дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен, «Ыдырысов оқулары аясында» өтетін «Баспа ісі және медиадизайн: қазіргі трендтер, проблемалары және келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн және оффлайн форматта өтті.Журналистика факультетінде баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы баспагерлер, редакторлар, дизайнерлер даярлап келеді. Кафедраның өзіндік қайталанбас тарихы бар. Оның негізі 1976 жылы журналистика факультетінің журналистік шеберлік және әдеби редакциялау мәселелерін талдап шешумен айналысатын бірегей ғылыми-зерттеу бөлімшесі ретінде қаланды.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 6 сәуір 2022 ж

Көрменің мақсаты: . Қазақ баспасөзі безендіру ісінің негізін қалаған көрнекті ғалым, ұстаз, жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әбілфайыз Ыдырысовтың өмір жолы мен ұлттық журналистиканы дамытуға қосқан ерекше үлесін болашақ ұрпаққа таныстыру.

Көрме 3 бөлімнен тұрады:

  • «Журналистика – алып мұхит»
  • «Қайсар ұстаз – Ә.Ыдырысов»
  • «Баспасөз – коммуникация құралы»

«Журналистика – алып мұхит». Қазақ журналистикасы Қазақстанның әр кезеңдегі газет, журнал материалдарын, радио, теледидар, киножурналдар хабарларын, мерзімдік басылымдар тарихы мен теориясын зерттейтін ғылым саласына айналған. Бұл бөлімга журналистика еңбегі сіңген ұстаздардың еңбектері қойылды. Айгул Рамазанның «Қазақ баспасөзі және Қазақстандағы тіл саясатының қалыптасу, даму жолдары», Н.Омашевтың «Аһпарат әлемі», Н.Шыңғысованың «Журналистика социологиясы», К.Қабылғазының « Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары» т.б кітаптар қойылды.

«Қайсар ұстаз – Ә.Ыдырысов». Өмірін өзгелердің өркендеуіне арнаған адамдардың ішіндегі ең абзалы ұстаз. Ол ұлтының ұлы мен қызына білім бберу үшін бар ақылы мен қайратын жұмсайды. Шәкіртіне неғұрлым мол білім беріп, адамзаттың ең адал құндылықтарын санасына сіңірген ұстаздардың еңбегі жанбай тұрмайды. Халқының болашағына ғұмырын арнаған ұстаздардың бірі – Әбілфайыз Ыдырысов. Жарты ғасырға жуық бір факультетте үздіксіз дәріс оқып, шәкірт тәрбиелеген. Ыдырысов – баспа ісі мамандарын оқытудың теориялық-әдістемелік негізін қазақ тілінде қалаған профессор. Бұл салаға арнаған әдістемелік нұсқаулықтары, оқу құралдары мен оқулықтары бүгінгі күнде жоғарғы сұраныста. Қорда бар сүйікті жарына арнаған «Таңшолпан» кітабы , «Біртуарлар болмысы», «Тұлғалар» т,б көптеген еңбектері оқырмандар назарына ұсынылды.

«Баспасөз – коммуникация құралы». Баспа ісі және дизайн кафедрасы 1998 жылы құрылған Құрамында — 2 доктор,, 4 доцент, 17 аға 2 профессор оқытушы, 3 оқытушы, 3 лаборант бар. Баспасөз қызметі қоғам мен ресми және бересми, коммерциялық және қоғамдық ұйымдар арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін «көпір» болып табылады. «Коммуникация» термині ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Кең мағынада коммуникация түрлі ақпаратты туғызуға, жөнелтуге және қабылдауға мүмкіндік беретін өзара араласу процесі және байланыс тәсілі ретінде қарастырылады. Адамдар арасында коммуникация дидарласу формасында жүзеге асады. Бұл бөлімге С.Медеубекұлының «Басылымды редакторлық әзірлеу ерекшіліктері», Ж.Бекболатұлының «Баспасоз қызметі» т.б кітаптар қойылды.

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған әлеуметтанушы қауым, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Яндекс.Метрика