Әл-Фараби кітапханасында Қазақстанның БҰҰ-ға қабылданғанына 30 жыл толуына орай «ТЕКСЕРІЛГЕН ШЫНАЙЫ АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ВИРТУАЛДЫ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ» тақырыбында V Халықаралық журналистика форумы өтті.
Қазақ журналистикасы – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани құбылыстар жөнінде халыққа ақпарат тарататын шығармашылық қызмет түрі.
Журналистің жұмысының арқасында біз әлеуметтік ортамыздан тыс ақпаратты білеміз — ертеңгі ауа-райы қандай болады, жаңа гаджет сатып алудың қажеті бар ма, планетаның ыстық нүктелерінде не болып жатқаны, біздің елде президент болған немесе көрші ел. Демек, журналистің еңбегі болмаса, әлемде үлкен тыныштық пен жалпы надандық болатыны сөзсіз.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 4 сәуір 2022 ж
Көрменің мақсаты: Қонақтарды, студенттерді, оқытушыларды кітапханадағы әл-Фараби еңбектерімен және форум тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарымен таныстыру.
Көрме 4 бөлімнен тұрады:
- Журналистика алып мұхит
- Баспасөз-ұлттың үні, рухтың жыры
- Қашықтықтан оқыту – заман талабы
Журналистика алып мұхит. Қазақ журналистикасы – бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, радио, теледидар, т.б.) арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани құбылыстар жөнінде халыққа ақпарат тарататын шығармашылық қызмет түрі. Қазақ журналистикасы Қазақстанның әр кезеңдегі газет, журнал материалдарын, радио, теледидар, киножурналдар хабарларын, мерзімдік басылымдар тарихы мен теориясын зерттейтін ғылым саласына айналған.
Баспасөз-ұлттың үні, рухтың жыры. Мерзімді басылымдардың тарихи дерек ретіндегі қызметі айқындалып, олардың тарихтағы орны көрсетілді. Қазақ баспасөзінің тарихы ХІХ ғ. аяғында басталып, бүгінгі күнге дейін жеткендігі жəне тарихи дамудың əр кезеңдерінінен өткен отандық газет-журналдардың жалпы жағдайы туралы баяндалады. Мерзімді басылымдар үш түрге бөлінеді: газеттер, журналдар жəне ғылыми қауымдастықтың мерзімді басылымдары. Түрлерін белгілеуге байланысты қолданатын терминдер қазіргі кездегі өз атауларына сəйкес келеді. Мерзімді басылымдарды олардың атқаратын қызметтеріне қарай жіктеуге болады. Мерзімді басылымдардың негізгі мақсаты — қоғамдық пікірді қалыптастыру.
Қашықтықтан оқыту – заман талабы. Қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.
Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.