Халықаралық байқау «Крим-Экс»

Әл-Фараби кітапханасы «Криминалистика және сот сараптамасының үздік білгірлері «Крим-Экс» халықаралық байқау өтті.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 1 сәуір 2022 жыл

Уақыт: сағ 11:00 де

Заңгер мамандығы – бүкіл өміріңді арнап және өз таңдауыңды мақтан етерлік, қиын әрі күрделі, алайда өте қызықты және мәртебелі мамандық. Заң факультеті мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері бойынша республикалық және халықаралық конференциялардың, сондай-ақ Қазақстан студенттері арасында жыл сайынғы республикалық құқықтық олимпиаданың тұрақты ұйымдастырушы болып табылады. Заң факультетінде Қазақстан СОРОС қорының қолдауымен Студенттік заң клиникасы ашылды және үздік студенттер халыққа заң кеңесін беру арқылы табысты жұмыс істеуде. Заң факультетінде – студенттік өмір қызықты әрі мазмұнды. Заң факультеті түлектерінің арасында ҚР сот және құқық қорғау органдары, прокуратура органдары, ІІМ, қаржы полициясы, ҚР Әділет министрлігі басқармаларының басшылары бар.

Көрменің мақсаты: студенттердің, оқырмандардың құқықтық санасын, құқықтық мəдениетін, құқықтық білімін жетілдіруге ықпал ету. Кітапхана қорындағы кітаптармен таныстыру.

Кітап көрмесі төрт бөлімнен тұрады:

• Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықығы: теория мен практика
Криминалистика — қолданбалы заң ғылымы
Қазақстандағы сот медициналық сараптама мәселелері мен болашағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: проблемалар мен шешу жолдары

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықығы: теория мен практика. Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы 1969 жылы құрылды. Кафедра білікті заң көмегін көрсету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін сот, прокурорлық, құқық қорғау қызметі саласындағы кәсіби мамандарды дайындайды. Дайындық барлық деңгейде жүргізіледі: бакалавриат, магистратура және докторантура. Кафедра қос диплом бағдарламасы бойынша оқытуды ұсынады. Студенттер «Құқықтану» білім беру бағдарламасы аясында қылмыстық-құқықтық траектория бойынша, сондай-ақ мамандандырылған білім беру бағдарламасы аясында сотқа дейінгі тергеу, прокурорлық қадағалау және сот қызметі бағытында білім алуға мүмкіндік алады.

Криминалистика — қолданбалы заң ғылымы. Бірінші рет “Криминалистика” деген сөзді 21 ғасырда Австриялық ғалым Ганс Гросс пайдаланған, яғни “қылмыстарды ашатын ғылым” деген. Кримимналистика пәні қылмыстармен күресу проблемасын шешуде үлкен роль атқарады. Кримимналистика айғақтарды, айғақ заттарды, дәлелді жинау, зерттеп баға беру, оларды пайдалану және қылмыстардың алдын алу туралы ғылым. Криминалистика дегеніміз- қылмысты жасау әдістері туралы, тергеуді жүргізу техникасы, тактикасы және методикасы туралы ғылым.Қылмыстарды тергеудің құқықты негізіне- қылмыстық процессуалдық құқықтардың нормасына жатады. Қылмыстың жеке түрлерінде болатын себептері мен жағдайларын анықтап, оларды болдырмайтын шаралар қолданған криминалистика қылмыстылықта қалай тергеу жүргізуді үйретсе, криминоглогия пәні қылмыстылықты қалай болдырмастын, алдын алуды үйретеді.Криминалистика философиямен, этикамен де тығыз байланысты. Психология, логика, физика, химия, математика, биология, тарихпен- басқа ғылымдармен. Құқықтық пәндермен- азамттық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, сот медицина, сот экспертология, криминология,жедел іздестіру қызметі.

Қазақстандағы сот медициналық сараптама мәселелері мен болашағы. Сот медицинасы – сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы. Бастапқыда сот медицинасы мен криминалистика қылмысты ашу мен тергеу жөніндегі біртұтас ғылым болды. Кейіннен мәліметтердің жинақталуына, зерттеу тәсілдерінің түрленуі мен жетілуіне орай сот медицинасы бөлініп шықты. Сот медицинасының дамуы қоғамда құқықтық қатынастардың өркендеуі мен медицина және биология ғылымдардың дамуына тікелей байланысты. Сот медицинасы теориялық және практикалық бөліктерден тұрады. Теория объективті заңдылықтарды зерттеумен және практикаға қажетті ұсынымдар даярлаумен айналысады. Практика болса сот ісін жүргізу кезінде туатын нақты медициналық-биологиялық мәселелерді шешумен айналысады. Сот медицинасы зерттеуге денсаулықты бұзған немесе өлімге әкеп соққан адамның сырттан әсер алу түрлері негіз болады. Сот медицинасы сараптама тірі адамға, мәйітке, заттай дәлелдемелерге, өзге де іс материалдарына жүргізілуі мүмкін. Сараптама кезінде биологиялық заттай дәлелдемені (қан, шаш, түк, ұрық, сілекей, адам мен жануардың ішкі органдары, тін бөлшектері, т.б.) тексеру үшін және сәбидің әке-шешесін анықтау мақсатында сот-биологиялық зерттеу жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: проблемалар мен шешу жолдары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

Көрменің оқырмандық бағыты: студенттер, оқытушылар, іс-шараға қатысушылар, қонақтар және т. б. қатысушылар.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы кітаптар таныстырылды.

Яндекс.Метрика