Темірбек Қожакеевке 95 жыл

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде Қожекеев атындағы аудиторияда Қожакеев оқулары аясында «Темірбек Қожакеевтің сатиралық және әдеби мұрасы: таным мен талғам табиғаты» тақырыбында онлайн/офлайн форматта ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 25 наурыз 2022 жыл

Уақыты: сағ 11:00 де

Көрмені ұйымдастырушы: Әл-Фараби кітапханасы.

Көрменің мақсаты: Оқырмандарға кітапхана қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларымен таныстыру.

«Қазақ университетінің филология, журналистика факультеттерінде қыр¬қыншы, елуінші жылдарда оқыған адамдар – эстетикалық ілім жағынан өз қатарларының маңдай алдында оқ бойы озық тұратын мамандар. Неге десеңіз, олар – әдеби білім жағынан Әуезов мектебінен шыққан адамдар.
Зейнолла Қабдолов

Қазақ сатирасының өсіп-өркендеп, терең тамыр жаюына зор үлес қосқан ғалым-ұстаздардың бірі де бірегейі – Темірбек Қожакеұлы! Ол – қазақ сатирасын егжей-тегжейлі зерттеп, сатиралық жанрлар жүйесін жете зерделеген, және теориялық жа¬ғынан негіздеген ғалым. Бұған дейін қазақ әдебиеттану ғылымында сатира мен юморды терең зерттеп, талдаған ғалым болған жоқ. Оның қаламынан туған ондаған оқулықтар мен монографиялар, жүздеген ғылыми еңбектерді жинақтаған. Қазақ сати-расының энциклопедиясы секілді толымды дүние әрі болашақ оқырмандар мен жас зерттеушілер үшін аса құнды ғылыми еңбек болары анық.

Көрме 2 бөлімнен тұрады:

  • Қайталанбас нар тұлға
  • Темірбек Қожакеев – Ұстаз, ғалым, қайраткер

Қайталанбас нар тұлға.Темірбек Қожакеев Жамбыл облысы Mepкi ауданына қарасты Ойтал ауылында дүние есігін ашқан. Мектеп бітірген соң Мерке аудандық комсомол комитетінің бөлім мeңгepyшici болып істейді. Қазақ мемлекеттік университеті филология факуль¬тетінің журналистика бөлімін тәмам¬дайды. Содан бастап, 1972 жылға дейін өзі білім алған қара шаңырақтағы журналистика факультетінің оқытушысы, аға оқытушысы және доценті болып қызмет етеді. Ал 1972-1986 жылдар ара¬лығында аталған жоғары оқу орны журналистика факультетінің деканы болып абыройлы қызмет атқарады.Темірбек бала күнінен қатал тәртіпке тәрбиеленген. Тәртіп бар жерде – еңбек бар. Темірбек адам атаулыны шын мәніндегі Адам ететін, ақ, адал еңбекке тәрбиеленген. Оның қол қусыратын кезі сирек шығар, әрқашан еңбек, еңбек, тек қана еңбек: іс-әрекет, қимыл-қарекет! Ол өзінің саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен жур¬налистикасының және сатирасының дамуына арнады.Ең алдымен оның қазақ сатирасы туралы сүбелі еңбектерін атап өткен абзал. Ол – «Фельетон мәселелері», «Қазіргі қазақ сатирасы, «Қазақ сатирасы», «Абай – сатирик», «ХХ ғасыр басындағы қазақ сатирасы», «Қазақ совет сатириктері», «Сатира және дәуір», «Бүгінгі қазақ сатирасының проблемалары», «Адам. Қоғам. Сатира», «Сатиралық жанрлар», «Сатира – күштілер қаруы», «Сатира негіздері», «Сара сөздің сардарлары», «Шалқу сөздер мен шаншу сөздер», «Ескі жылдың есебі», «Өзіңді таны» сынды оқулықтар мен монографиялардың және сатиралық жинақтардың авторы.

Темірбек Қожакеев – Ұстаз, ғалым, қайраткер. Әдебиет деген алып әлемнің қайраткерлері аз емес. Есімі елден бөлек сондайлық дарынды тұлғаларымыздың бірі де бірегейі — Темірбек Қожакеев. Қазақ сатирасының тарихы мен оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, дамуына тың жол ашқан Т. Қожакеев “Қазақ сатирасы”, “Абай – сатирик”, “Қазақ совет сатириктері”, “Сатира және дәуір”, “Бүгінгі қазақ сатирасының проблемалары”, “Адам. Қоғам. Сатира”, “Сатиралық жанрлар”, “Сатира – күштілер қаруы”, “Сатира негіздері” сынды ауқымды еңбектері бар. «Ұстаз деген өз уақытын аямау, өзгенің жанын аялау» Бұл Темірбек Қожекеевтей ұлы ұстаздың жанымен рухани үндестік тапқан ұлы ұғым. Ұстаз – шәкірт болашағының бағдаршамы. Ал Темірбек Қожакеев ұлы ұстаз! Ол – терең ізденіспен келген маңдай тер мен адал еңбектің жемісі. Сондықтан оның ғұмыры ұзақ. Ғалым қаламынан туған “Қазақ сатирасы”, “Сатира және дәуір”, “Адам. Қоғам. Сатира”, “Сатиралық жанр”, “Сатира – күштілер қаруы”, “Сатира негіздері” т.б. салиқалы еңбектері қазақ әдебиеті мен журналистикасында бұрын ешкім кеңінен сөз қыла қоймаған тақырыптарды алғашқы болып игеріп, рухани мұрамызда өзіндік орны бар сатираны әдебиеттану ғылымының игілігіне жаратып, ғылыми айналымға енгізуімен құнды, ғұлама ғалым еңбектері сатирадай сан сырлы құбылыстың құпиялы қырын ашып, жанрларының жігін ажыратып, оның рухани өміріміздегі орнын айқындап беруімен қымбат. Артында басқан ізін қасиет тұтар ұрпағы бар. Күш-қайратын сарп етіп жазған том-том еңбектерінің сан мың шәкірттер жанына сан ғасыр шырақ жағары анық.

Көрменің оқырмандық бағыты: студенттер, оқытушылар, іс-шараға қатысушылар, қонақтар және т. б. қатысушылар.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы кітаптар таныстырылды.

Яндекс.Метрика