«Заманауи әйел» атты Халықаралық дөңгелек үстел

Әл-Фараби кітапханасында «Заманауи әйел: білім, кәсіп, мансап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымында әйелдер қауымының алатын орны орасан зор. Қазіргі таңда оқу орнымыздың оқытушы-профессорлық құрамында 1725 қыз-келіншек жұмыс атқарады. Олар жалпы ғалымдар санының 63 пайызын құрайды. Оның ішінде 324 ғылым докторы, 601 ғылым кандидаты, 286 PhD докторы, 1 ҚР ҰҒА академигі және Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының екі корреспондент-мүшесі бар.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 03.03.2022 ж

Көрмені ұйымдастырушы: Әл-Фараби кітапханасы

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  • Заманауи әйел: білім, кәсіп, мансап
  • Әйел – ана, әйел – кәсіпкер, әйел – басшы
  • Әлемнің әсем әшекейі…нәзік жандылар

Көрмеге қысқаша шолу

1.Заманауи әйел: білім, кәсіп, мансап. Бүгінгі әйел бейнесі – іскер, басшы, қызметкер сынды лауазыммен толыққан. Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кәсіп ашып, оны дамытуға қабілетті. Бүгінде ақ жаулықты аналардың да жетістікке жетіп, табысқа кенелуіне, сондай-ақ талай-талай асу алып, биік белесті бағындыруға білімі мен білігі жеткілікті. Демек әйелдердің қазіргі қоғамда атқарар рөлі орасан. Мәселен, бүгінгі облыс тұрғындарының 47,8 пайызы әйелдер. Оның 54,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. әйелдердің қоғамдағы барлық салаларда жұмыс істеп жатқанын байқаймыз. Себебі, бүгінгі таңда барлық педагогтардың – 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің – 87 пайызы әйелдер. Ал барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 65 пайызы нәзікжандылардың үлесінде. Шағын және орта бизнесті дамытып отырған әйелдер 48,3 пайызды құрайды. Бұлардың барлығы ауылдың өзінде ірі кәсіп арқылы табыс табуда. Бұл ауыл әйелдерінің отбасы, ошақ қасында ғана емес, сауда мен кәсіпте де белсенді екенін білдіреді.

2. Әйел – ана, әйел – кәсіпкер, әйел – басшы. Ғылымды дамыту – жаңа Қазақстанның аса маңызды басымдықтарының бірі. Бұл игілікті іске әйел ғалымдардың да көптеп тартылатыны сөзсіз. Өйткені қазіргі қоғамда қай салада болсын білімімен,  іскерлігімен, ақыл-парасатымен дараланып жүрген әйелдер қауымының қатары көбеюде.  Кейінгі жылдары ғылым саласында қыз-келіншектердің үлесі арта түсті. Отбасы мен ғылымдағы ізденістерін қатар алып жүретін әйел ғалымдардың жетістіктері лайықты бағалануы тиіс.

3. Әлемнің әсем әшекейі…нәзік жандылар. Қазақта ақыл-парасатымен, тапқырлығы және тәрбиесімен, дуалы сөзі, дара мінезімен әлі күнге дейін ел жадында жатталған аналар аз емес. Сонау сақ дәуіріне көз жүгіртсек, қазақ әйелдерінің ақылымен ел билегенін ғана емес, айбатымен жауға шапқанын да аңғарамыз. Ал олардың ұрпақ тәрбиелеп, бүтіндей бір әулеттің бейнесін қалыптастыруда алар орны орасан. Абыз аналардың көш басында тұрған – Домалақ ана, Есім ханның жорықтарына қатысып, жау қолынан қаза тапқан – Ақбикеш ару, ел арасында «Күй анасы» атанған – Дина Нұрпейісова, сонымен қатар ­Зарина, Бегім, Зере сынды ханшалар соның дәлелі.

Көрменің оқырмандық бағыты: қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің нәтижелігі: Көрмеге қатысушы студенттердің, Оқытушылардың, профессорлардың рухани танымын кеңейтуге ықпал ету, қонақтарды, студенттерді кітапхана қорынан алынған кітаптармен, мақалалармен таныстыру. Қазіргі қоғамдағы әйелдердің, әйел аналардың, кәсіпкер әйелдердің, көшбасшы әйелдердің рөлін көрсету. Әлемдегі жақсылықтың, адами қасиеттердің, мейірімділіктің қайнар көзі-бәрі әйелдер.

Яндекс.Метрика