Барманқұлов Марат Кәрібайұлы 85 жаста

Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың 85 жылдығына арналған «Журналистика баршаға: Медиа және технологияның жаңа буыны» атты аралас форматта (гибрид) халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Марат Кәрібайұлы Барманқұлов Қазақстандағы алғашқы тележурналистердің бірі, телевизиялық және радиожурналистика теориясының, сондай-ақ телевизия және радиожурналистика кафедрасының, ҚазҰУ-дағы телевизиялық және радиостудияның негізін қалаушы. Ол республикалық газет-журналдарда және электрондық БАҚ-тың әр саласында қызмет істейтін журналистердің құрметті ұстазы.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 25.02.2022 ж.

Көрмені ұйымдастырушы: Әл-Фараби кітапханасы.

Кітап көрме 3 бөлімнен тұрады:

  • Отандык телевизия корифейі
  • Марат Барманқұлов әлемі
  • Барманқұлов оқулары

Көрмеге қысқаша шолу:

Отандык телевизия корифейі. Бұл бөлімде зерттеуші ғалымның өзі туралы мақалаларыды және ол туралы кітаптарды қойғанды жөн көрдік. Марат Кәрібайұлы  Барманқұлов 1937 жылғы 13 ақпанда Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келген. 1954 жылы ол С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне түсті. 1959 жылы аталмыш оқу орынын тәмамдаған соң, Алматының теледидар студиясында жұмыс істейді: бастапқыда тілші, содан соң редактор, комментатор, екі жыл бойы жауапты редактор қызметінде болған.
Марат Барманқұлов әлемі.
Марат Кәрібайұлы Барманқұлов журналистика факультеті үшін жаңа курстарды әзірлеп, енгізді: «Радиохабар және теледидар негіздері», «Теле-радиопублицистиканың жанрлары», «Баспа, радио және теледидар жанрының салыстырмалы талдауы», «Қазіргі шетел журналистикасы». М.К. Барманқұловтың «Репортаж на радио и ТВ» (1970ж.) және «Весь мир у вас в квартире» (1972 ж.), «Журналистика для всех» атты алғашқы кітаптары – ХХІ ғасырдың осы заман журналист-студенттерінің қолдан түсірмейтін кітабы болып табылады.

Барманқұлов оқулары. Жыл сайын оның туған күнінде Әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде дәстүрге айналған «Барманқұлов оқулары» өтеді. Мұнда оның жақын туыстары, студентері, әріптестері, жора-жолдастары, пікірлестері жиналып, өз Ұстазын еске алып, бүгінгі күндегі журналистиканың өзекті мәселесіне айналған тәжірибемен, жаңа біліммен бөліседі.

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің мақсаты: Отандық теледидар саласының тұңғыш зерттеушісі, іргелі теоретигі, жастардың ғұлама ұстазы Марат Кәрібайұлы Барманкұловтың әл-Фараби кітапханасының қорындағы кітаптары мен еңбектерін  оқырмандарға жеткізу және таныстыру.

Яндекс.Метрика