Қаражан Қуанышбек Сүлейменұлы 75 жаста

Әл-Фараби кітапханасында тарих ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Сүлейменұлы Қаражанның 75 жылдығына арналған «Тәуелсіздік кезеңіндегі Отан тарихының өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қуанышбек Сүлейменүлы Қаражан 1947 жылы 27 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында (Талас қаракөл совхозында) дүниеге келген. 1965 ж. осы ауылдағы 11 жылдық мектепті бітірген. Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген (1973). 1973 – 1982 ж. Қазақ ұлттық тех. институтында оқытушы, 1982 жылдан Қазақ ұлттық университетінде, 1982 – 1991 ж. осы университеттің доценті, 1992 – 2001 ж.Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих факультетінің деканы (1991–1993), 2001 жылдан Деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 24.02.2022 ж.

Көрмені ұйымдастырушы: Әл-Фараби кітапханасы.

Кітап көрме 3 бөлімнен тұрады:

Көрменің қысқаша шолуы

  • Қуанышбек Қаражан – ғалым, ұстаз, профессор.
  • Ұлтын ұлықтаған ұстаз.
  • Тарих толқынында.

Қуанышбек Қаражан – ғалым, ұстаз, профессор. Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне, кеңестік ұжымдастыру мен қуғын-сүргін зардаптарына, тың және тыңайған жерлерді иегерудің жетістіктері мен зардаптарына арналған. Сонымен қатар қазақтардың жоңғар шапқыншылығына күресте ерекше ерлігімен көзге түскен Саңырық батыр жайында зерттеу жүргізген.

Ұлтын ұлықтаған ұстаз. Қуанышбек Сүлейменүлының еңбектері сансалалы әртүрлі бағытты қамтиды. Ол 90-нан аса ғылыми 16 зерттеулер, оқулықтар, мақалалар мен оқу құралдарының авторы. Олардың ішінде 2 монография, 6 жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтар бар.

Тарих толқынында. Тарихтың негізгі пәні ретінде — адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих — үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие.
Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің мақсаты: Көрмеге қатысушы оқытушы, профессор, студенттердің рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. Оқырмандарға Қуаныш Қаражаанның кітапхана қорындағы өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалармен таныстыру.

Яндекс.Метрика