ЖОО үздік оқытушылары марапатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрінің қатысуымен «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Республикалық байқауға биыл еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 718 үміткер қатысып, олардың 150-і үздік жыл оқытушысы атанды. Салтанатты шарада ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөз сөйледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 25 оқытушысы оқу ордасының білім беру және ғылыми бағдарламалары мен жобаларының жоғары деңгейін дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді.

Күні: 02 ақпан 2022 ж

Уақыт: сағ 15:00 де

Көрмені ұйымдастырушы: Әл-Фараби кітапханасы.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым.

                                                               Мұхтар Әуезов

Көрме де 2021 жылы үздік деп танылған ұстаздардың еңбектері, диссертация, кітаптары қойылды. Көрме 5 стеллаждан 3 бөлімнен тұрады. Қойылған кітаптардың барлығы біздің кітапхана қорымызда бар.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктері
  • Зерделі ғалым, зиялы тұлғалардың еңбектері
  • Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021

Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

                                                                                       Сәбит Мұқанов

Көрмеге қойылатын афоризмдер:

«Біздің университет – еліміздегі ең көне жоғарғы оқу орындарының бірі және ерекше мәртебеге ие. Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемдік топ-200 үздік университеттердің қатарына енген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз университет. QS жаһандық рейтингі бойынша университтет 165-орында. Ұлттық рейтингтерде де біз үнемі көш бастап келеміз. Қазіргі таңда университет стратегиялық мемлекеттік және халықаралық міндеттерді шешуде айтарлықтай әлеуетке ие».

Жансейіт Түймебаев

Көрмеге қысқаша шолу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктері ҚазҰУ жетістіктеріне арналған көрме бөлімінде әбу Насыр әл-Фараби данышпан бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналып энциклопедиясы қойылды. Төлеген Қожамқұловтың «Элитаға барар жол» және ҚазҰУ ғалымдарының әл-Фараби еңбектерін талдауға арналған кітабы, «Біздің Элита», Қазақстан ғылымы мен жоғары білімнің флагманы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университететің 70 жылдық мерейтойына орай арнайы шығарылып отырған көптомды кітабы «Қарашаңырақ» және тағы басқа ҚазҰУ ғалымдарының еңбектері көпшілік назарына ұсынылған.

Зерделі ғалым, зиялы тұлғалардың еңбектері

Зерделі ғалым, зиялы тұлғалардың еңбектері бөлімінде университетіміздің ректоры Жансейіт Түймебаветың Түркітану ғылымы «Мәңгілік Ел» идеясын бекітудің ғылыми-теориялық тұғыры тұрғысынан шығарылған кітаптары қойылды. Сонымен қатар унверситетіміздің ғалымдарының еңбектері атап айтар болсақ
Ақынбай Н. «Ықтималдылық теориясы және математикалық статистикасы» туралы оқулығы қойылды. Ғабитов Т.Х Қазақ философиясын қойылды, кітапта қазіргі кезеңдегі кәсіби философиялық деңгейін қамтыған. Сонымен қатар Кәрібаев Б. Тәуелсіздіктің 30 айшықты оқиғасы атты еңбегі қойылды. Еңбек Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздігінде көптеген оқиғаны басынан өткерген оқиғалар қамтылған.

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауы жеңімпаздарын анықталды. Республикалық конкурстық комиссия өз ісінің үздіктерін таңдады. Қазақстандық 45 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Оның ішінде біздің университетімізден 25 ұстаздарымыз алдыңғы қатарға шыққан. Айталық, Мансұров Зұлхаир Аймұхаметұлы – ғалым, химия ғылымдарының докторы , профессор. ҚазҰУ-ді бітірген. Негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты көмірсутектер жануының кинетикасы мен механизмін, суық және күйе түзгіш жалындардың құрылымын, каталитикалық көмірсутектің түзілуі мен оның қолданбалы аспектілерін зерттеуге арналған. Мансұров мұнаймен ласталған топырақты термині әдіспен өңдеу үшін арнайы қондырғы құрастырды. Осы қондырғы арқылы мұнайды топырақтан бөліп алу және мұнаймен ласталған топырақты жол құрылысында суық асфальтты бетон дайындау үшін қолдану әдістерін ұсынды. Мансұровтың «Жану процестерінің химиялық негіздеріне арналған іргелі зерттеулері» атты еңбегі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлық және Қ.И. Сәтбаев атындағы лауреаты атағы берілді.

Келесі, Сайлан Болат Санабайұл 2012 жылдан бастап әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы қызметін атқарып келеді. Ауған соғысының ардагері.1987-1993 жж. жылы әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетін де оқыды. Оның 5 монографиясы мен 150-ден аса ғылыми мақалалары ҚР-ның қоғамдық-саяси журналдарында және алыс-жақын шетелдік басылымдарда (Москва, София, Ташкент, Бишкек) жарияланды. Аталған бөлімде Сайлан Болат Санабайұлның академик А. Қ. Құсайыновтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әлемдік білім кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа көкжиектері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары қойылды соныме қатар т.б еңбектері қойылды.

Нұртазин Сабыр Темірғалиұлы биология ғылымдарының докторы, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры 1946 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1963 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетіне оқуға түсіп, 1968 жылы бітірді. 1972 жылы «жер үсті омыртқалыларының өкпе дәнекер дінінің қаңқасы мен тегіс бұлшықет аппаратының салыстырмалы гистологиясы және гистохимиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1998 жылы «Tetrapoda өкпе Биодинамикасы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Ғылыми қызығушылықтары: салыстырмалы және эксперименттік гистология, экологиялық морфология, экожүйелердің биоиндикациясы. 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде үш монографияның, ҚР БҒМ орыс және қазақ тілдеріндегі алты оқулығының авторы. ҚР ҰҒА биология және медицина ғылымдары бөлімшесінің ғылыми – сараптама кеңесінің төрағасы, ҚР БҒМ мак биология ғылымдары бойынша сараптама кеңесінің мүшесі. Нұртазин Сабыр Темірғалиұлының «Биология индивидуального развития» студенттер үшін үлгілік оқу бағдарламасы қойылды.

Университетіміздің үздік ұстаздар тізімі:

  1. Адильбекова Акбота Оразбакеевна
  2. Алдияров Абдурахман Уалиевич
  3. Алимжанова Мереке Бауржановна
  4. Аргимбаева Акмарал Мухамбетовна
  5. Байматова Насиба Хикматуллаевна
  6. Белисарова Фарида Бексултановна
  7. Болатов Асет Куанышевич
  8. Жусупова Айжан Избасаровна
  9. Исанова Молдир Кенесовна
  10. Какимжанов Еркин Хамитович
  11. Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлы
  12. Койлышов Умбеткул Курманкулович
  13. Манатбаев Рустем Кусаингазыевич
  14. Мансуров Зулхаир Аймухаметович
  15. Мукашева Тогжан Джангельдиевна
  16. Мусиралиева Шынар Женисбековна
  17. Мухамадиева Гульжан Нусупжановна
  18. Мухамедиев Булат Минтаевич
  19. Нуртазин Сабир Темиргалиевич
  20. Нысанбаева Айман Сагынбаевна
  21. Рамазанов Тлеккабул Сабитович
  22. Сайлан Болат Санабайұлы
  23. Туленов Канат Серикович
  24. Хохлов Серик Анатольевич
  25. Шнарбекова Меруерт Какпанбаевна

Көрменің оқырмандық бағыты: қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар, газеттер.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы ҚазҰУ оқытушыларының материалдармен оқырмандарды таныстыру.

Яндекс.Метрика