«Қазақстан Мәдениеттану ғылымы: қалыптасуы мәселері және бағдары» атты конференция

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Мәдениеттану ғылымы: қалыптасуы мәселері және бағдары» атты конференция өтті.

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

                                                                               Ахмет Жұбанов

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 10 желтоқсан 2021 ж

Уақыты: сағ 10:00 де

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  • Қазақстандық мәдениеттану ғылымы
  • Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет
  • Мәдени мұра

Көрмеге қысқаша шолу

Қазақстандық мәдениеттану ғылымы Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы — мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықгарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдык, ғылыми-көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін алуан мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.

Еркін мәдениет : мәдениет пен шығармашылықты уысында ұстау үшін медиаконцерндердің заңдар мен технологияларды қалай пайдаланатындығы туралы жазылған жазба жинақ.

Лоуренс Л. Лессиг

Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, әсіресе 1990-2000 жылдар аралығы сөзсіз қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең басталды. Мұндайда «өлгеніміз тірілді, ұмыт қалған мұрамыз жаңарды» дейміз. Мәдениетіміздің қайта түлеуіне, өткен ғасырлардан қазына боп қатталып, тарих боп тасада қалған барлық мұраларымыз Елбасының бастамасымен шетінен аршыла бастады.

«Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау», халықаралық ғыл.-тәж. конф. (2013 ; Алматы).

«Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы.

Мәдени мұра 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Елбасы 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

Көрмеге қойылған афоризмдер:

Мәдениет дегеніміз — кісілер арасыңда адам болу өнері.

Олжас Сулейменов

Гүлденген мәдениет дегеніміз — сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі. Тілге қатысты да осыны айтуға болады.

Олжас Сулейменов

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің безендірілуі: фотосуреттер.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы журналистика тақырыбына арналған материалдармен оқырмандарды таныстыру.

Яндекс.Метрика