Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласының Достық үйінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум өтеді. Форум Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін ұлтаралық тіл ретінде үйреніп, қолданып жатқанын көрсетеді. Осы форумға қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері еліміздің барлық аймақтарынан қатысты.ПрезидентімізҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілі таяу келешекте ұлтаралық тіл ретінде қызмет атқаруы қажет» деген сөзі барлық қазақстандықтарға бағыт берді. Осы жұмыстардың жүзеге асуын көрсету мақсатында елімізде осындай форум ұйымдастыру дәстүрге айналды.Елімізде этномәдени бірлестіктер жанында мемлекеттік тіл мен әр этностың өз ана тілін оқыту курстары ұйымдастырылған. Форумға филология мен лингвистика саласының сарапшылары, тіл жанашырлары, Ассамблея мүшелері мен жастар ұйымдары қатысып, шара барысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері тіл үйрену тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолдары туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 9 желтоқсан 2021 ж
Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
- ТІЛ ҒҰМЫРЫ – ҰЛТ ҒҰМЫРЫ
- ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
- МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ
- ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ
- ҚАЗҰУ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Көрмеге қойылатын афоризмдер:
Ана тілі рухани азаттығымыз бен мемлекеттік тәуелсіздігіміздің тірегіне айналсын.
Н. Назарбаев
Ұлттық сана ұлттық тілмен калыптасады.
Н. Назарбаев
Көрмеге қысқаша шолу
- Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры Көрменің алғашқы бөлімінде Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі Орхон Енисей жазба ескерткіштері және Күлтегін ескерткіштерінің тілі туралы жазылған зерттеу еңбектер және 1929-1940 жылдары араб, латын әліпбиінде жазылған қорымызда сақталған сирек басылымдар ұсынылып отыр: 1926 жылы Қызылордада жарық көрген А. Байтұрсынұлының Әліп-би (Жаңа құрал) кітабы, сонымен қатар А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ғылыми кеңесінде бекіткен «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен «Шапағат-Нұр» баспасынан жарық көрген еліміздің алдыңғы қатарлы қазақ тіл ғылымының қалыптасуы мен дамуына ғұмырларын арнаған тілші ғалымдардың өмірдеректік ғұмырнамасы, ғылыми мұрасы туралы, атап айтсақ Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов, Нығмет Сауранбаев, Мәулен Балақаев, Ісмет Кеңесбаев тағы басқа ғалым тілшілер еңбектері қойылды.
- Қазақ тіл білімі ғылымының қалыптасуы мен дамуы Көрменің бұл бөлімі алғашқы бөлімнің жалғасы ретінде ұсынылды. Мұнда «Қазақ тіл білімінің антологиясы» сериясымен жарық көрген тілші ғалымдардың еңбектері қойылды.
- Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тұғыры ТКөрменің үшінші бөлімі Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тіліне арналды. Бұл бөлімді Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі және «Ана тіліміз рухани азаттығымыз бен мемлекеттік тәуелсіздігіміздің тірегіне айналсын» деген Елбасымыздың қанатты сөздерімен басталып, еліміздің Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Қазақтың тілі – қазақтың жаны» атты мақаласымен жалғасын тапты. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында жарық көрген тіл тақырыбы жайында кітаптар ұсынылды.
- Тілге құрмет – елге құрмет Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының азаматтары үшін түсінікті мағынаны қалыптастыратын, әлеуметтік кеңістік пен диалог мәдениетін ұйымдастыратын мемлекеттік тіл. Бұл бөлімде оқытушы-әдіскерлердің қазақ тілін үйренушілерге қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған оқулықтары, оқу құралдары, методикалық әдістемелік құралдары ұсынылған. Және қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған көптеген оқу құралдары қойылған.
- ҚазҰУ ғалымдарының тіл біліміне қосқан үлесі Көрменің бесінші бөліміне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихынан сыр шертетін кітаптар, Әл-Фараби кітапханасының қорында сақталған 1943 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі қазақ тіл білімінен қорғалған диссертациялар тізімі және ҚазҰУ ғалымдарының тіл білімі мәселелері туралы «Қазақ университеті» баспа үйінен басылып шыққан монографиялық еңбектері ұсынылды.
Көрменің оқырмандық бағыты: форумға қатысушылар, қонақтар, БАҚ өкілдері, кітапхана қызметкерлері
Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар, газеттер.
Көрменің безендірілуі: фотосуреттер
Результаты выставки:
- Әл-Фараби атындағы кітапхана қорында жинақталған қазақ тіл білімінің тарихына, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің маңыздылығына, қазақ тілін оқыту әдістемелеріне арналған әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды және әл-Фараби кітапханасы дайындаған электронды құжаттарды ұсыну;
- қорымыздың таныстыру және мүмкіндіктерін көрсету;
- көрмеден әр азамат қазақ тілі туралы өзіне керекті оқу құралдарын және басқа да ақпараттарды таба алады.