«Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: тәуелсіздік белестері» тақырыбында конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ІІ-ші Кенжалин атындағы оқулары  аясындағы ғылыми конференция өтті.

Жұмабек Кенжалин – журналист, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының президенті, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы, 2006 — 2009 жылдары «Ақиқат» журналының Бас редакторы, 2009 жылдың ақпанынан «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры — редакторлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс жасаған.февраля 2009 года генеральный директор ТОО» Қазақ газеттері » -председатель совета редакторов.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 8 желтоқсан 2021 ж

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз
  • Журналистика әлемі – алып мұхит

Краткий обзор выставки

Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз Жұмабек Кенжалиннің республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүрген шығармалары көрменің бірінші бөлімінде топтастырылған. Бұл жерде оқырмандар Ж. Кенжалиннің «Желкілдеп өскен құрақтай», «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз», «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз»атты шығармаларымен таныса алады.

Журналистика әлемі – алып мұхит Көрменің журналистикаға арналған бөлімінде қазақ журналистикасының қалыптасуы, дамуы мен мәселелеріне арналған кітаптарды көреміз.

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің безендірілуі: фотосуреттер.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы журналистика тақырыбына арналған материалдармен оқырмандарды таныстыру.

Яндекс.Метрика