Наштай Мұхитдиновке арналған Халықаралық конференция

Әл-Фараби кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында биология ғылымдарының докторы, профессор Н. М. Мұхитдиновқа арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Н. М. Мұхитдинов ҚазҰУ-дың биология факультетінің түлегі. Профессор Мұхитдинов бар ғұмырын қара шаңырақ ҚазҰУ қабырғасында ғылым жолында еңбек етумен келеді. Ол биология факультетінің дамуына өз үлесін қосқан ұстаз әрі ғалым. Оның ғылыми еңбектерінің бағыты биология, экология, кейінгі жылдары факмокопеялық және болашағы бар дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеуде.   

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 26.11.2021 ж

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ғалым биолог-ботаник Наштай Мұхитдинов
  • Ғылым жолында
  • Қазақстандағы биология ғылымы  

Көрменің қысқаша шолуы

Ғалым биолог-ботаник Наштай Мұхитдинов Наштай Мұхитдинов қамқор, ғылыми ізденістерінде шәкірттеріне кеңесші, болмыс-бітімі биік тұлға. Ғалымның көрмеге «Дәрілік өсімдіктер», «Геоботаника», «Лекарственные растения», «Өсімдіктер ценопопуляциясы» кітаптары және мақалалары қойылған.

Ғылым жолында Көрменің ғалым жайында бөлімінде Н. Мұхитдинов туралы М. Батырбековтың «Высшая школа Казахстана в лицах», «Летопись Казахского национального университета имени аль-Фараби» анықтамалық басылымдары қойылған.  

Қазақстандағы биология ғылымы Көрменің бұл бөлімінде биология мамандарының кітаптары қойылған. Соның ішінде Б. Заядан «Экологиялық биотехнология», Ж. Базарбаеваның «Жеке даму биологиясы», Д. Кирбаеваның «Микробиология және вирусология негіздері» және тағы басқа да биологиядан кітаптарды көреміз.

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің безендірілуі: фотосуреттер.

Көрменің нәтижесі: оқырмандарды әл-Фараби кітапханасы қорынан алынған биологияға арналған материалдармен таныстыру.

Яндекс.Метрика