Ағын Қасымжановтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Әл-Фараби кітапханасында философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы, профессор Ағын Қасымжановтың 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

Халқымыз қазақ философиясында әлемдік деңгей­дегі ғалымдарға кенде емес. Соның ішінде ХХ ғасырдағы қазақтың көрнекті философы А. Х. Қасымжановтың есімі ерекше құрметке ие. Оның әл-Фараби мұрасын, далалық өркениет мұрагері – қазақ халқының рухани мұрасын зерттеуі қазақ ғылымында, оның ішінде гуманитарлық ғылымдар үшін үлкен олжа. Ғалым, әлемдік деңгей­дегі философ, педагог, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым акаде­мия­сының корреспондент-мүшесі Ағын Хайроллаұлы Қасымжанов ҚазМУ-дің философия факультетінде 1949-1954 жылдары оқыған, 1957 жылы осы факультеттің аспирантурасын да бітірді.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 24.11.2021

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ғалым. Философ. Фарабитанушы   
  • Ағын Қасымжанов – қазақ философиясындағы дара тұлға
  • Тәуелсіздік кезеңінде қазақ философия ғылымының дамуы 
  • Философия әлем өркениетінің ажырамас бөлігі

Көрмеге қысқаша шолу

Ғалым. Философ. Фарабитанушы. А. Қасымжанов қазақстандық мәденниеттанудың қалыптасуында аса жоғары рөл атқарған әрі «дала өркениеті» ұғымын тұңғыш рет ғылыми қолданысқа енгізген ғалым. Көрменің бұл бөлімінде А. Қасымжановтың «Әл-Фараби», «О культуре мышления» кітаптары қойылған.

Ағын Қасымжанов – қазақ философиясындағы дара тұлға. Көрменің Ағын Қасымжанов туралы құжаттар топтамасында,  оқырмандар Ә. Ө. Өмірбекованың «А. Х. Қасымжанов философиясындағы Әбу Насыр әл-Фараби шығармашылығы» мақаласын ҚазҰУ хабаршысы. Философия, мәдениеттану, саясаттану сериясының 2016 жылғы № 2/2(56) жарияланған және басқа да авторлардың А. Қасымжанов туралы мақалаларын көреміз.  

Тәуелсіздік кезеңінде қазақ философия ғылымының дамуы. Қазақ философтарының еңбектері қойылған көрме бөлімінде Ғ. Есімнің «Адам-зат», Ж. Молдабековтың «Қазақтану және жаңару философиясы» оқулығын, «Әл-Фараби және қазіргі заман» оқу құралын және тағы басқа философия тақырыбындағы кітаптарды көреміз.   

Философия әлем өркениетінің ажырамас бөлігі. Көрменің философия тақырыбына арналған бөлімінде «Шығыс философиясы», Д. Уолфтың «Саясат философиясына кіріспе» кітабы және тағы басқа әлем философиясына арналған кітаптар қойылған.

Көрменің оқырмандық бағыты: қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар, газеттер.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы А. Х. Қасымжанов туралы және философия тақырыбында құжаттармен оқырмандарды таныстыру.

Яндекс.Метрика