«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан құқығы және экономикасы»

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығы Нұрсұлтан Назарбаевтың құқықтық моделі саяси тұрақтылық және экономикалық өркендеудің негізі ретінде» тақырыбында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  

Биыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы жыл бойы елімізде үлкен құрметпен аталып өтуде. Конференция тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық саласы және экономиканың қалыптасуы тақырыбына арналды. Қазақстанның әлемдегі орны, қазіргі қазақ қоғамы жайлы сөз қозғалды.

Күні: 19 қараша 2021 ж

Конференцияға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, Н.Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Түркия Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы Арслан Зухту, сот және атқарушы билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері, сарапшылар және жоғары оқу орынның оқытушы ғалымдары мен студенттері қатысты.

Осы іс-шара байланысты әл-Фараби кітапханасы «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан құқығы және экономикасы» тақырыбында ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Әл-Фараби кітапханасы «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан құқығы және экономикасы» көрмесін ұсынады. Әл-Фараби кітапханасы елімізбен бірге тәуелсіздік мерекесін атап өтуге өз үлесін қосып, Әл-Фараби кітапханасы қорындағы тәуелсіздік тақырыбына арналған кітаптар, журналдар және тағы басқа құжаттарды көпшілік назарына осы көрме арқылы ұсынады. Бұл көрме бізді тәуелсіздік жолындағы еліміздің жаңа тарихын тағы бір еске түсіруге жетелейді.  

Көрме келесі бөлімдерден тұрады

  • Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл
  • Заң тұғыры – Тәуелсіздік
  • Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан құқығы және экономикасы» көрмесіне қысқаша шолу

Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

Еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихы көрменің осы бөлімін толықтырады. Бұл жерде «Тәуелсіздік нышандары. Символы независимости», «Становление и развитие современной казахстанской государственности (из первых рук)», К. Сагадиев «Реформы: аналитический взгляд» кітаптары көпшілік назарына ұсынылған.

Заң тұғыры – Тәуелсіздік

Көрменің қоғамымыздың құқықтық саласына арналған кітаптар қойылған бөлімінен Г. А. Қуаналиева «Қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері», А. Н. Ағыбаев, М. Қ. Бисенова «Қылмыстық ниет және оның қылмысты саралаудағы маңызы»,  Н. Х. Калишева «История политических и правовых учений» басылымдары оқырмандарға ұсынылған.

Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан экономикасы, бізді осы сала мамандарының еңбектерімен таныстырады, соның ішінде Е. Б. Жатканбаев «Государственное регулирование экономики», Р. Е. Елемесов «Очерки по методологии экономических наук» тағы басқа кітаптар қойылған.

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы құқық және экономикаға арналған материалдармен оқырмандарды таныстыру.

Яндекс.Метрика