Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да экономика ғылымдарының докторы, профессор, белгілі экономист Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан экономикасы» атты көшбасшылық дәрісі өтті.
Г.Қарақұсова әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген, 1972–1994 жылдары – Қазақ мемлекеттік университеті саяси экономика кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті қызметін атқарған экономика маманы.
Г. Қарақұсова «Парасат», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен және «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Іс-шара күні: 18.11.20212 ж
Өткізу орны: Ректорат ғимараты, 15 қабат мәжіліс залы
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан экономикасы» көрмесіне қысқаша шолу
Көрме Гүлжан Қарақұсова жайлы және өзінің еңбектерімен ашылады. Бұл жерде біз Карагусова, Г. Д. «Теневая экономика: тенденции развития», Карагусова, Г. Д. «Что нужно знать о ценных бумагах: вопросы и ответы», Карагусова, Г. Д.Налоги: сущность и практика использования» монографияларын көреміз. Көпшілік қауым «Актуальные вопросы экономической теории и практики в условиях глобальных вызовов» ұжымдық монографиясымен, Даулиева, Ғ. Р. «Институционалды экономика» оқу құралымен, Джаншанло, Р. Е. «Қаржылық талдау» оқу құралымен, Мұхамедиев, Б. М. «Микроэкономика» оқу құралымен таныса алады.
Көрменің оқырмандық бағыты: дәріс тыңдаушылары, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.
Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар, газеттер, фотографиялар.
Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы экономикаға арналған материалдармен оқырмандарды таныстыру.