Академик Еділ Ерғожиннің мерейтойы

Еділ Ерғожиннің 80 жасқа толуына орай Әл-Фараби кітапханасы классикалық оқу залында «Ғылымды сүйген жан» атты дәстүрлі кітап көрмесін ұйымдастырды.


Еділ Ерғожин 1963 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірді. Қазақ КСР ҒА химия ғылымдары институтында меңгеруші, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті химия факультетінің жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, деканы, аталған университетінің бірінші проректоры, «А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АК директоры, бас директоры және Ионалмастырғыш шәйірлер және мембраналары зертханасының меңгерушісі, ҰҒА вице-президенті. Білім және ғылым вице-министрі болып жұмыс істеді. ҰҒА академигі Е.Е.Ерғожин Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасын және «Ғылым» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуші жұмыс тобын басқарды.                                                                                                                               

Күні: 11 қараша 2021 жыл

Көрме 3 бөлімнен тұрады:

  • «Еділ Ерғожин туралы еңбектер»

Ғалымдардың Е. Еділ Ерғожин туралы, оның химия ғылымы мен инновациялық технологияға қосқан үлесі туралы еңбектері ұсынылды. А. Б. Бектұровтың кітабында ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері және 2015-2017 жылдардағы бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберіндегі 14 жоба сипатталған. Ғылым мен ғалымдар туралы 2 томдық шығармалар жинағы ұсынылған.

  • «Еділ Ерғожиннің еңбектері»
  • Химия ғылымы бойынша Е. Ерғожиннің еңбектері.

  • «Басылымдары мен  журналдары»
  • Ол туралы мақалалар және оның «Иминодиацетатные производные поливинилбензиламина и их хелатообразующие свойства», «Водорастворимые аниониты на основе полисульфона и пианпиридинов», «Поли-N-диметилвинилбензиламин линейноой и пространственной структуры» т.б. мақалалары.

    Яндекс.Метрика