Жаңа рубрика: Кітапханамен, кітапханалық қызметпен және кітапхана құрылымымен кітапханашылар арқылы танысу.

Бүгінгі рубриканың қонағыҚорды жинақтау және сервистік қолдау басқармасының басшысы Еслямгалиева Гульпарам Камаловна, қысқаша айта кетсек кітаптың кітапханаға келіп түскенінен бастап оқырманға қол жетімді болғанға дейін қандай циклден өтетінмен таныстырамыз.

Біздің қазіргі уақыттағы мақсатымыз – әдебиеттерді жинақтау мен тапсырыс беру үдерістерін автоматтандыру, кітапханашылар мен оқытушылар арасындағы өзара әрекеттесуді дамыту. Мамандық бойынша қандай кітаптар мен оқу-әдістемелік құралдарды таңдауға болатындығы туралы кеңес алу үшін оқытушылармен тығыз жұмыс жасау. Кітапхана өз кезегінде кітаптарға тапсырыс беру, жеткізу, өңдеу, оңтайлы орналастыру және жедел жеткізу бойынша жұмыстарын ұйымдастырады. Қазіргі таңда басқармада жеті адам қызмет атқарады.

Кітапханаға келіп түскен құжаттардың (кітаптар, мерзімді басылымдар, электрондық кітаптар, диссертациялар, т.б.) бірінші біздің басқармадан өтуіне байланысты, қорға келіп түскен басылымдарды қолданушыларымызға электрондық ресурстар арқылы және кітапхана қорынан тез қол жетімді болуы үшін жүйелі технологиялық үдерістен өткіземіз. Құжаттарды қабылдап алғаннан соң, оның қорға кітпаханалық стандарттарға сәйкес өңделіп, ғылым саласына сәйкес әр бөлімге жетуіне біздің басқарма жауап береді. Кітапхананың Қорды жинақтау және сервистік қолдау басқармасына әдебиеттер әртүрлі дереккөздерден келіп түседі. Біз жаңа құжаттарды жыл сайын жоспарлы түрде сатып алу; мерзімді басылымдарға жазылу арқылы; сый ретінде келіп түскен басылымдармен (жеке тұлғалардан, авторлардан, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамынан, мемлекеттік бағдарламалар бойынша, әртүрлі фирмалардан, баспалардан, қайырымдылық және басқа да ұйымдардан өтеусіз түсімдер), «Қазақ университеті» баспасынан жоспарлы шығарылытын басылымдармен толықтырамыз. Сонымен қатар әр факультет өзінің оқу бағдарламасына сәйкес тапсырыс беріп отырады. Және де барлық тапсырыстарды сараптамадан өткізіп, қордағы әдебиеттермен салыстырып тексеру жүргізіп, жиынтық тапсырысқа берілетін әдебиеттер тізімін қалыптастырамыз.

Сонымен қоса естеріңізге сала кетейік, оқытушылар, зертеушілер, кафедралар және факультеттер қорды жинақтау процессіне өз үлестерін қосады, толығырақ келесі мақалада оқи аласыз:

Сонымен қоса біздің оқырмандар қорды жинақтау процесіне қатыса алатынын ескертеміз, өз ұсыныстарыңызды, қызықты басылымдарды бірнеше жолмен жеткізе аласыз:

  • Кітапхана залдарының ресепшендерінде орналасқан ұсыныстарға арналған кітапшалар арқылы;
  • Жыл сайын кітапханада, факультеттерде және сайтта өтетін сауалнамалар арқылы (жаңалықтарды өткізіп қоймас үшін біздің Instagram парақшамыздан бақылап отырыңыз);
  • Өз ұсыныстарыңызды «Кітапханашыдан сұра» қызметі арқылы жіберіңіздер;
  • ТакжеСонымен қоса ұсыныстарыңызды Кітапхананың корпоративті поштасы арқылы жіберіңіздер library@kaznu.kz

Кері байланысқа, қызықты сұрақтар мен тақырыптарға ризашылығымызды білдіреміз, біз бірге жаңғыруға дайынбыз.

Яндекс.Метрика