Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалын қолдану туралы нұсқаулық
Әл-Фараби кітапханасы бірнеше жыл бойы кітапханалық процестерді автоматтандыруды қолға алып, жұмыс жасап келеді. Автоматтандыру құралы ретінде ID-картасы бар әрбір студент және университет қызметкері қолдана алатын өзіне-өзі қызмет көрсету терминалын айтуға болады.
Классикалық оқу залында орналасқан бұл терминал оқырманға менеджердің көмегісіз кітапты өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз! Кітаптар 1 күнге беріледі, келесі күні осы терминал арқылы кітаптың қолға берілу мерзімін ұзартуға болады.
![](http://elibrary.kaznu.kz/wp-content/uploads/2020/05/img_20191016_155610_hdr-1-768x1024.jpg)
1. Интерфейс тілін таңдаңыз (қазақ, орыс)
2. Өз ID картаңызды жоғарғы оң жақ бұрышқа қойыңыз
![](http://elibrary.kaznu.kz/wp-content/uploads/2020/05/img_20191016_155627_hdr-768x1024.jpg)
3. Кітапты сол жақ бұрышқа қойыңыз
4. Кітапты «Беру» түймесін таңдаңыз
![](http://elibrary.kaznu.kz/wp-content/uploads/2020/05/img_20191016_155728_hdr-768x1024.jpg)
5. Мәзірдегі «Қарыз» түймесін басып, кітаптың тіркелгенін тексеріңіз.
6. Кітапты қайтару немесе қолдану мерзімін ұзартқыңыз келсе «Қайтару» түймесін таңдап, жоғарыдағы әрекеттерді қайталайсыз.