Әл-Фараби атындағы кітапхана барша кітапсүйер қауымды «Кітап оқитын ұлт» жалпылттық жоба аясында ұйымдастырылатын жалпыуниверситеттік «Жыл оқырманы» онлайн оқу марафонына қатысуға шақырады!
Марафонның мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру, ұлттық және әлем әдебиетіне деген қызығушылығын ояту, белсенді оқырмандар қауымдастығын қалыптастыру.
Марафонға кімдер қатыса алады?
Университет студенттері, оқытушылары және кітап оқуға құштар барша оқырман!
Марафонға қатысу үшін электронды оқырман билетіңізге тіркелген электрондық поштаңызды және сол поштаға арналған құпиясөзіңізді пайдалана аласыз.
Қатысушыларды не күтеді?
• Таңдаулы 10 кітапты оқу;
• Оқыған шығармалары бойынша жеке пікір мен әдеби талдау жасау;
• Оқу белсенділігін көрсетіп, зияткерлік сайысқа қатысу;
• Үздік оқырмандар қатарынан көрініп, «Жыл оқырманы» атағына үміткер болу.
Басталу күні: 2026 жылғы 22 қазан
Марафон қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталып, арнайы марапаттарға ие болады.
Кітап оқы. Ойыңды дамыт. Өз көзқарасыңды қалыптастыр!