Семинар-тренинг, посвященный стратегии успешной публикации по Целям устойчивого развития ООН
2026 жылғы 5 наурызда Әл-Фараби кітапханасында «БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша табысты жарияланым жасау стратегиясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес ғылыми зерттеулердің жариялану стратегияларын жетілдіру, сондай-ақ халықаралық ғылыми дерекқорлар мен аналитикалық платформалардың мүмкіндіктерін таныстыру болды.
Семинар спикері – Орталық Азия және Әзірбайжан аймағы бойынша Elsevier компаниясының кеңесшісі Рабиға Хожамқұл. Ол өз баяндамасында Scopus, SciVal және ScienceDirect платформаларының ғылыми зерттеулердің сапасын арттырудағы, ғылыми журналдарды дұрыс таңдаудағы және зерттеу нәтижелерінің халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.
Семинарға 50-ге жуық зерттеуші, оқытушы-профессорлар құрамы және жас ғалымдар қатысып, ғылыми жарияланым стратегиясын құру, ғылыми журналдарды іріктеу, дәйексөздік көрсеткіштерді талдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастыққа тиімді ұсыну мәселелері бойынша практикалық ақпарат алды.
Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылар, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру мен халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу тәжірибесі жөнінде өзара пікір алмасты.
Өткізілген семинар-тренинг ғылыми зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікте жариялануын дамытуға және зерттеушілердің ғылыми-ақпараттық құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.