ҚазҰУ-да Ғылымдағы әйелдермен қыздар халықаралық күні өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай арнайы ғылыми іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараға оқу ордасындағы түрлі салада еңбек етіп жүрген ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер жиналды.

Бүгінгі күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әйелдердің ғылым мен білімді дамытудағы рөлі айрықша. Университетте еңбек етіп жүрген қызметкерлердің 65 пайызы әйелдер. 1724 әйел қызметкер оқу ордасының тұрақты дамуына өз үлесін қосып келеді. Оның ішінде 347 ғылым докторы, 572 ғылым кандидаты, 1 ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі қызмет атқарады. Сонымен қатар гранттық қаржыландыру, мақсатты қаржыландыру, «Жас ғалым» және жас ғалымдарға арналған бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан 146 ғылыми жобаның жетекшілері–әйел ғалымдар. Бұл университеттегі әйелдердің ғылыми көшбасшылық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Әйелдер қауымы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда ерекше орын алады. Ғалым қыз-келіншектер ғылыми-инновациялық жобаларға белсенді араласып, университеттік ғылымды жетілдіруге елеулі үлес қосуда.

Жиынды ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашып, университетің ғалым ханымдары отандық ғылымды дамытуда аянбай еңбек етіп келе жатқанын атап өтті. Салтанатты шара барысында оқу ордасының басшысы бірқатар зерттеушілерді «Ерең енбегі үшін» медалімен марапаттады.

Атаулы іс-шара аясында әл-Фараби кітапханасының қорынан 200-ге жуық кітаптан көрме қойылды. Көрмеге Қазақ ұлттық университетінің әйел оқытушы профессорладың еңбектері ұсынылды.

Яндекс.Метрика