ЖИ дәуіріндегі экологиялық биоинженерия мәселелері талқыланды

Бұл іс-шара «AlgaBiotech» халықаралық зерттеу орталығының директоры Заядан Болатхан Казыханұлының 65 жылдық мерейтойына арналған Дөңгелек үстел барысында экологиялық биоинженерия мен жасанды интеллект саласындағы заманауи зерттеулер, инновациялық технологиялар және тәжірибелік шешімдер кеңінен талқыланды.


Дөңгелек үстел аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Заядан Болатхан Казыханұлының ғылыми еңбектері, халықаралық мақалалары, заманауи зерттеулер және оқу құралдары қатысушылар назарына ұсынылды. Кітап көрмесі қатысушыларға жаңа ғылыми бағыттармен танысу, материалдарды талқылау және өз зерттеу идеяларын қалыптастыру мүмкіндігін берді. Шараға Қазақстанның әртүрлі университеттерінен, ғылыми орталықтардан және халықаралық ұйымдардан зерттеушілер мен мамандар қатысты, бұл іс-шараның халықаралық деңгейде өтіп жатқанын көрсетті. Дөңгелек үстел ғылыми тәжірибе алмасу, жаңа серіктестіктер құру және жасанды интеллект пен экологиялық биоинженерия саласындағы зерттеулерді ілгерілетуге бағытталған маңызды алаң болып шықты.

Яндекс.Метрика