Құрметті оқырман!
16-17 ақпан күндері сағат 10:00 мен 18:00 аралығында Әл-Фараби кітапханасының 2-қабатында орналасқан оқу залында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтеді.
Акция аясында сіздер ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын, көркем әдебиеттерді, сондай-ақ құнды басылымдар мен қолжазбаларды сыйға тарта аласыздар.
Материалдарды іріктеп алудың жалпы критерийлері:
Құжаттарды кітапхана қорына қабылдау кезінде Әл-Фараби кітапханасының тақырыптық және типологиялық профиліне сәйкестігі, сондай-ақ олардың ғылыми, тарихи және көркемдік құндылығы негізгі критерийлер болып саналады.
Кітапхана сыйға тартылатын кітаптар ретінде дәстүрлі (баспа) және электрондық форматтағы төмендегі құжат түрлерін қабылдайды:
• оқу және оқу-әдістемелік басылымдар (соңғы 5 жылда жарық көрген);
• ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдар (соңғы 5 жылда жарық көрген);
• көркем альбомдар;
• отандық және шетелдік көркем әдебиеттер;
• кітапхана профиліне сәйкес келетін немесе қордағы жетіспейтін даналарды толықтыруға арналған журналдар;
• сирек, бірегей және құнды санатқа жататын қолжазбалар мен басылымдар.
Кітап сыйлап, игі іске ат салысыңыздар!
Сіздерді асыға күтеміз!