Төлеген Тәжібаевтың туғанына 115 жыл

Әл-Фараби кітапханасында Төлеген Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай, «Білім беру мен психология ғылымының дамуы: өткені, бүгіні, болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Халықаралық жиынға Қазақстан, Эстония, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің ғалымдары мен ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: ғұлама ғалым Төлеген Тәжібаевтың өмірі мен қызметі, жазған кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарық көрген еңбектерімен таныстыру

Көрменің бөлімдері:

  1. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер
  2. Тәжібаев оқулары
  3. Академик Тәжібаев
  4. Тұғыры биік тұлға

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 140-дан астам кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды

Пленарлық отырыс аясында академик Т.Тәжібаев туралы бес томдық басылым және оның қайта басылған «Жалпы психология» оқу құралының (құрастырып, баспаға дайындаған – филология ғылымының докторы, профессор Алмасбек Мәуленов) тұсаукесер рәсімі өтті.

Конференция секциялық жиындарға жалғасып, онда ғалымдар білім және психологиялық ғылым тарихын, академик Т.Тәжібаевтың ғылыми идеялары мен басқару қызметі, психологиялық денсаулық, жеке адамның әл-ауқаты және басқа да өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.

Яндекс.Метрика