Бүгінгі әл-Фараби кітапханасының қоры журналистика факультетінің түлегі журналист Ертай Бекқұлов туралы жинақталған «Қосүйеңкінің қыран мінез Ертайы» атты кітаппен толықты. Бұл кітапты сыйға тартқан кітапхана қонақтары: журналистика факультетінің 1979 жылы бітірген курстас түлектер Кеңесбек Демеш-қоғам қайраткері, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, кейіннен Парламент аппаратында қызмет істеген, оның жары Ботагөз. Ардагер, белгілі журналистер Асхан Майлыбаева, Жанымгүл Сағындықова, «Қостанай таңы» облыстық газетінде бірге қызмет істеген әріптесі Тасқұл Омарқұловтың жары Ақсұлу, КазГУ-дің 1978 жылғы түлектері, профессор Жетпісбай Болатбекұлы, баспагер Баян Болатханова, белгілі жазушы Өтеш Қырғызбаев, осы кітаптың құрастырушы редакторы Ертай Беккұловтың жары Алма Смағұлова-журналист, мемлекеттік қызмет ардагері.
Бұл кітапта журналист Ертай Бекқұловтың шығармаларының бір бөлігі, Ертай туралы кезінде баспасөзде жарияланған материалдар және әріптестерінің, достарының, туған-туыстарының естелік материалдары топтастырылған.