Цифрландыру орталығы

Заманауи электронды кітапхана қорын жасақтау әл-Фараби кітапханасында 2012 жылы бастау алып, технологиялар оқулықтарды дәстүрлі түрден жоғары сапада электронды түрге айналдыруда қолданылды. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту,  оқу процесін  жеделдету және жеңілдету.Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.

Негізгі қызмет түрлері:

  • кітапхана ішіндегі саны аз кітаптар, авторефераттар, диссертациялар, библиографиялық көрсеткіштер, сирек кездесетін кітаптар электронды түрге көшіру;
  • электронды нұсқадағы басылымдарды кітапхана сайтына жүктеу;
  • белгілі тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың көп томдық және мерейтойларына арналған кітаптар электронды нұсқада жасау;
  • сандық жүйеге айналдырылған беттер JPEG, TIFF және PDF форматта сақтау және беттердің сапасын жақсарту жұмыстарын жасау.

Электронды кітапқа офлайн және онлайн (кітапхана сайтында) іске асады.

Бөлім құрылымы

Орталық жетекшісі: Рустемов Айдын Ахметович

3-қабат, №309-кабинет

+ 7 (727) 377 33 33 (1708)

aidyn.rustemov@kaznu.edu.kz

Яндекс.Метрика