Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған ✨KitapQuest! 📚✨
Университет студенттері арасында нағыз зияткерлік сайыс болды. Студенттердің бес командасы, әрқайсысы 5 адамнан, нағыз интеллектуалды ізденісте бақ сынасты. Командалар түстерге бөлініп, сол түске сәйкес кітапхананың әртүрлі бұрышында жасырылған карточкаларды іздеді.
Квест басқатырғыштар мен тапсырмаларға толы болды, бұл — қатысушылардың білімдері мен стратегиялық сыни ойлау қабілеттерін және коммандада жұмыс жасау деңгейлерін көрсетті. Ойынның ортасында олар көп сатылы тапсырмалары бар арнайы бөлмеге кірді. Кезеңдегі барлық тапсырмаларды сәтті аяқтағаннан кейін ғана олар картада жасырылған келесі аймаққа көшті.
Бұл сайыс логика, тапқырлық және командалық жұмыстың айқын бейнесі көрсетілді. Келесі интеллектуалды ойында кездескенше!
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 24 қазан – кітапханашылар күніне арналған мерекелік іс-шарада өтеді!