Wiley вебинары қалай өтті?

Ең ірі баспалардың бірі Wiley: Ғылыми ақпаратты және мақаланы жариялауға қолайлы журналды іздеу атты тақырыпта онлайн-вебинар өткізді.

Вебинарды Ресей мен ТМД-дағы Wiley клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері Наталия Калицева жүргізді.

Наталия Калицева тыңдаушыларға ғылыми жарияланымдардың жаңа зерттеулер мен білім беру үдерісіне әсері, Wiley ғылыми материалдарының коллекциялары, Wiley Online Library платформасында ғылыми ақпаратты іздеу, қандай журналдарда ғылыми мақала жариялауға болады, жариялауға лайықты журналды іздеу, платформада анықтамалық ақпарат туралы баяндады.

Wiley баспасына өту үшін осы жерді басыңыз: өту

ҚазҰУ-дың докторанттары, ғылыми мамандары, профессорларымен бірге еліміздің басқа да жоғары оқу орындарының мамандары қатысты.

Вебинарда ғалымдарға өз зерттеулері үшін қажетті ресурстарды қалай табуға, өз жұмысының нәтижелерін сәтті жариялау үшін ғылыми журналдарды таңдауға, сондай-ақ университеттің білім беру процесі үшін пайдалы мақалаларды таңдауға қатысты түрлі сұрақтар қойылды.

Вебинарға қатысқан әрбір қатысушы сертификат беріледі.

Вебинардың видео-жазбасының сілтемесі: осы жерде

Яндекс.Метрика