«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты тарихи-патриоттық көрме (03.05.2021-15.05.2021)

Ұлы отан соғысындағы Ұлы жеңіс күніне арналған көрме.

Әл-Фараби кітапханасы ұйымдастырған ең ірі көрмелерінің бірі.

Көрменің мақсаты: Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс шаралар аясында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»атты тарихи-патриоттық бағыттағы кітап (құжаттар) көрмесін ұсынамыз. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолында қаншама азаматтар жанқиярлық ерлік көрсетті. Ер есімі – ел есінде. Ұлы Отан соғысы жылдарында бізге жеңісті бейбіт күн сыйлаған майдангерлердің ерлігін паш етіп, кітапхана қорындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі туралы жазылған сирек басылымдарды, әдебиеттерді насихаттау, оқырман қауымға ұсыну.

Көрменің өткізілу түрі: Дәстүрлі кітаптар –11 стеллаж, 1941-1945 жылдары  жарық көрген газеттер – 2 стеллаж және электронды презентациялар, фотоальбомдар, деректі фильмдер мультимедиялық флипчарт арқылы ұсынылды.

Көрменің галересын назарларыңызға ұсынамыз:

Сонымен қоса көрменің видео жазбасын Youtube арнамызда назарларыңызға ұсынамыз:

https://youtu.be/a2wHKC—DW4

Читатели, принявшие участие в выставке, могут ознакомиться с отзывами наших гостей в галерее ниже:

Яндекс.Метрика