Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша «ХV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: кітаптың рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі екендігін оқырманға жеткізу, олимпиадаға қатысушыларды, студенттерді кітапхана қорындағы кітапхана ісіне қатысты кітаптар және журналдармен таныстыру.
Көрме бөлімдері:
- Кітап – ғасыр мұрасы
- Кітапхана, кітап, оқырман
- Кітапхана ісі
Кітап – ғасыр мұрасы. Кітап-руxани сарқылмас қазына. Кітап оқу арқылы адамның ойлау қабілеті артып, ішкі жан дүниесі тынышталады. Кітап бұл миға арналған жаттығу іспеттес. Кітапты оқу арқылы біз миымызды жаттықтырып, есте сақтау қабілетіміз де артады. кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына болып табылады. Қазірде кітап оқуға біздің мүмкіншілігіміз көп. Теxнологияның дамуы арқасында біз кітапты электронды нұсқада да оқи аламыз. Бірақ кітапты шын өмірде ұстап оның әр сөзіне үңіліп, керек сөйлемдерін түртіп алып, әр парағын сезініп кітапханаға келіп оқыған дұрыс.
Кітапхана, кітап, оқырман. Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Бұл бөлімге «Кітапхана ісі» факультетінің оқытушалары: Б. Асанованың «Қазақстандағы кітапхана ісінің даму тарихы», М. Раймбекованың «Кітапхана каталогтары» және т.б кітаптары қойылды.
Кітапхана ісі. Кітапхана – ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Адамға рухани байлық сыйлап, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар мәдени орны. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ата-бабамыздан жеткен асыл қазыналарымызды жас буынға жеткізуші кітапханалар. Бұл бөлімде «Кітапхана ісіне» арналған Қазақстанда шығарылатын «Кітап патшалығы», «Кітап & кітапхана» атты журналдар ұсынылды.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 75-тен астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде