(МТIJ) VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Әл-Фараби кітапханасында ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық әл-Фараби оқуларының аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері” (МТIJ) атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: конференцияға қатысушыларды, студенттерді, магистранттарды кітапхана қорындағы журналистикаға қатысты кітаптармен таныстыру. Конференция білім берудің жоғары стандарттарына қол жеткізу және әртүрлі елдердің ғылыми қоғамдастығының және тұрақты даму мақсатында халықаралық ұйымдарының диалогты және өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін сапалы ғылыми алаң болу.

Көрме бөлімдері:

  • Журналистика — мәні терең мамандық
  • Тұрақты даму мақсатында журналистиканы оқыту
  • Халықаралық журналистиканы оқыту модельдер

Журналистика — мәні терең мамандық. Журналистика – қоғамның келбеті, жақұт көзі және тілі, елдің жүрегі. Қастерлі мамандық тарихы тереңде. Журналистика – билік пен халықтың арасындағы дәнекер. Қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір. Ұлттың рухани бағытын айқындауға пайдасы зор. Журналистика — қасиетті мамандық. Көрменің бұл бөліміне ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушы-профессорларының еңбектері қойылды.

Тұрақты даму мақсатында журналистиканы оқыту. Конференцияда Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының тұрақты даму мақсаттары бойынша қазіргі таңдағы атқарып отырған қызметі кеңінен таныстырылады. Аталмыш бағытта кафедрада бірнеше халықаралық және ұлттық жобалар жүзеге асырылды. Халықаралық жетекші жоғары оқу орындарымен келісім-шарттар жасалып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша әріптестікті дамытып келеді. Бұл конференция білім берудің жоғары стандарттарына қол жеткізу және әртүрлі елдердің ғылыми қоғамдастығының және тұрақты даму мақсатында халықаралық ұйымдардың диалогты және өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін сапалы ғылыми алаң. Көрменің бұл бөліміне осы тақырыпқа сай материалдар ұсынылды.

Халықаралық журналистиканы оқыту модельдер. Қазақстанда журналистерді даярлайтын факультеттер, кафедралар, институттар көп болғанымен, «Халықаралық журналистика» мамандығын даярлайтын орталық жалғыз. Ол – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетіндегі Халықаралық журналистика кафедрасы. 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігіне жіберілген конференция қарарының нәтижесінде бакалавриатта «Халықаралық журналистика» мамандығы ашылды. Сондай-ақ, практик мамандардың маман даярлауға байланысты ұсыныстары ескеріліп, білім беру бағдарламаларына енгізіліп келеді. Нарықтық-экономикалық дәуірде бірқатар салалардың маңызы аспандап кетті: халықаралық қатынастар, әлеуметтану, экономика және халықаралық журналистика.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-нен астам кітап, мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика