Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әл-Фараби орталығының 30 жылдығына арналған «Тіл философиясы және Әбу Насыр әл-Фараби философиясының тілі» атты халықаралық Фараби форумы өтуде.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Қонақтарды, студенттер мен ОПҚ-ны кітапхана қорындағы әл-Фараби еңбектерімен және форум тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстарымен таныстыру.
Көрме бөлімдері:
- «Әл-Фараби трактаттарының алғашқы басылымдары»
- «Әл-Фарабидің еңбектерінің жаңа басылымдары»
- «Уақыт пен кеңістік аясындағы фарабитану»
- «Әл-Фараби әлем тілдерінде»
«Әл-Фараби трактаттарының алғашқы басылымдары».Көрмені әл-Фараби еңбектері ашады. Ең алдымен әл-Фараби трактаттары оқырман назарын өзіне аударады, бұл бөлімінде кітапхана қорында сақталған ХХ-шы ғасырда басылып шыққан трактаттары ұсынылды. Оның ішінде әл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», «Қайырымды қала» және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан «Он томдық шығармалар жинағы» да көрмеде өз орнын тапты.
«Әл-Фарабидің еңбектерінің жаңа басылымдары». Келесі бөлімге Әл-Фарабидің «Әлеуметтік–этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», «Қайырымды қала» және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан «Он томдық шығармалар жинағы» да көрмеде өз орнын тапты. Сонымен қатар әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Қазақ университеті», «RS» баспа үйлерінен шығарылған әл-Фарабидің көп томдық еңбектері қойылды.
«Уақыт пен кеңістік аясындағы фарабитану». Әл-Фараби мұрасын зерттеу сөз болғанда ең алдымен есімізге Ақжан Машани түсері сөзсіз. А. Машановтың «Әл-Фараби: 870–1970: тарихи–деректі кітап», «Әл-Фараби және Абай» кітаптары. Сонымен қатар А. Көбесовтың «Әл-Фараби», «Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда» зерттеу еңбегі және т.б. кітаптары қойылған.
«Әл-Фараби орталығының» алғашқы жетекшісі, фарабитанушы Ағын Қасымжановтың Әл-Фарабиге арналған еңбектері қойылған. Сонымен қатар А. Көбесовтың «Әл-Фараби», «Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда» зерттеу еңбегі және т.б. кітаптары қойылған. Сондай-ақ, Ә. Дербісәлі, Хайруллаев, М.С. Бурабаев, С.Д. Даукеев, Ж. Алтаев және т.б. отандық және шетелдік фарабитанушылардың кітаптары орын алды.
«Әл-Фараби әлем тілдерінде». Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Бұл бөлімде Әл-Фарабидің өзге тілдерде жарық көрген және өзге тілдерге аударылған еңбектері ұсынылды.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 95-тен астам кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде