Ю.Г.Басиннің 100 жылдық мерейтойы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Ю.Г.Басиннің 100 жылдық мерейтойына арналған «Юрий Басиннің ғылыми мұрасы және азаматтық құқықты дамыту» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: — студенттерді, магистранттар мен докторанттарды Қазақстан Республикасындағы азаматтық-құқықтық мектептің негізін қалаушы, 300-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, ҚР Азаматтық кодексінің (жалпы және арнайы бөлім), ҚР өзге де заңдарының негізін қалаушы, ҚР ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, з.ғ.д, профессор Ю.Г. Басиннің өмірі мен ғылыми жұмыстарымен таныстыру. Сондай-ақ студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды қазіргі заманғы азаматтық ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту және көрші елдердің жаңадан келген зерттеушілерінің білім беру және ғылыми байланыстарын дамытуға ықпал ету.

Көрме бөлімдері:

  • Басин — заңгер, цивилист
  • Ғалым, қайраткер, тұлға
  • Азаматтық заңнама
  • Заң Ғылымы
  • ҚазҰУ оқытушыларының еңбектері

Басин — заңгер, цивилист. Юрий Григорьевич Басин 1923 жылы 28 наурызда Украйнада Артемовск қаласында, қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол — ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Соғыс ардагері. Алматы заң институтын бітірген. 1950 жылдан Алматы заң колледжіінде оқытушы. 1952 жылдан ҚазМУ-де доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, декан болып қызмет атқарды. Бұл бөлімге Ю.Г.Басин туралы, оның атқарған қызметі туралы кітаптар, журналдар қойылды.

Ғалым, қайраткер, тұлға. Сондай-ақ Басин Қазақстандық заңгер, Қазақстандағы қазіргі заманғы цивилистика мектебінің негізгі жасаушыларының бірі, Қазақстандағы жоғары заң білімін ұйымдастырушы, заң ғылымдарының докторы. Бұл бөлімге Басиннің еңбектері қойылды. Оның ғылыми жетекшілігімен 3 докторлық және 12 кандидаттық диссертация қорғалды.

Азаматтық заңнама. Азаматтық заңнама – әр түрлі заң күші бар құқықтық-нормативтік актілердің жиынтығы. Азаматтық заңнама жүйесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, соған сәйкес қабылданған өзге де заңдарды, тең құқықты қатысушылардың ақша-тауар, мүліктік қатынастарын және мүлікпен байланысты өзіндік беймүліктік қатынастарын, сондай-ақ, мүлікпен байланысы жоқ өзге де қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарын, Парламент қаулыларын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларын (заңнамалық актілерін) қамтиды. Бұл бөлімге Ю.Г.Басиннің жауапты редакторлығымен шыққан кітаптары қойылды.

Заң Ғылымы. Заң Ғылымы, құқықтану, заң ілімі, заңтану – құқықты әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым. Көрменің бұл бөліміне заң саласындағы С.Зиманов, Т.Күлтөлеев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Тайманов, С.Сартаев, т.б. заң ғылымының түрлі салалары бойынша іргелі зерттеулері мен монографиялық еңбектері, және қазіргі кезде Ә.Еренов, С.Байсалов, Ш.Шайбеков, Н.Мұхиддинов, С.Сахипов, М.Баймаханов, Сапарғалиев, М.Сүлейменов, М.Нәрікбаев, У.Жекебаев, Т.Ағдарбеков, Қ.Халиқов, С.Табанов, Н.Өсерұлы, З.Кенжәли, С.Өзбекұлы, А.Ибраева, т.б. ғылым докторлары заң ғылымының әр түрлі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, құқықтануға айтарлықтай үлес қосқан заңгерлердің еңбектері қойылды.

ҚазҰУ оқытушыларының еңбектері. Көрменің соңғы бөліміне ҚазҰУ оқытушы профессорларының еңбектері қойылды.

Көрменің безендірілуі: Фотосуреттер, дәйексөздер.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика