Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті

Әл-Фараби кітапханасында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов — кеңестік қазақ жазушысы, драматург, ғалым. Бірінші дәрежелі Лениндік және Сталиндік сыйлықтардың лауреаты. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Ресей Жазушылар одағының төрағасы. Оның төрт томдық «Абай жолы» романы «Әлем әдебиеті кітапханасына» енді.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме дайындады.

Көрменің мақсаты: Көрмеге қатысушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды, университет студенттерін М. Әуезов шығармашылығымен, ғылыми еңбектерімен (монографиялары, мақалалары), ұлы суреткер туралы жазылған ғалымдардың жұмыстарымен, жарияланымдарымен таныстыру.

Көрме 3 бөлімнен тұрады:

  • Әлем мойындаған Әуезов
  • Абайдың жолы – Ұлы жол
  • Мұхтар Әуезов әлемі

Әлем мойындаған Әуезов. Әлемді аузына қаратқан Мұх¬тар Әуезов шығармашылығын Луи Арагон, Леонид Соболев, Альфред Курелла, Бенжамен Матип тәрізді дүниежүзі қа¬ламгерлері аса жоғары бағалап, өз пікірлерін қалдырған. Сонымен бірге М. Әуезов шығармашылығы туралы жазылған шетелдік ғалымдардың зерттеу еңбектері де жеткілікті. Солардың бірқатары біздің көрмеде көрініс тауып, келушілер назарына ұсынылды.

Абайдың жолы – Ұлы жол. «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Мұхтар Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясына «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» деп Луи Арагон жоғары баға берген. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын дүние жүзіне танытқан үздік шығарма. Көрмеде келушілер назарына осы ұлы туындының түрлі басылымдары мен осы эпопея туралы жазылған еңбектер ұсынылды.

Мұхтар Әуезов әлемі. М. Әуезов қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен өмірлік, шығармашылық жолдарында зор табыстарға жетті. Жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазғаннан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. Атап айтақанда: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр» әңгімелері, «Жетім», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» секілді прозалық шығармаларымен оқырман назарын бірден өзіне аударды. Көрменің бұл бөлімінде түрлі жылдары жарық көрген әдеби туындылары ұсынылады.

Көрменің оқырмандық бағыты: Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 200-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.

Яндекс.Метрика