Құтлық Қаған жазуы – ғасыр жаңалығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Номгон мемориалдық кешенін тапқан экспедиция мүшелері – Халықаралық түркі академиясының ғылыми қызметкері Нәпіл Бәзілхан мен Моңғолия Ғылым академиясы Тарих археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Алтангэрэлийн Энхтөрдің қатысуымен «Құтлық қаған жазуы – ғасыр жаңалығы» атты ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме дайындады.

Күні: 3 қыркүйек 2022 жыл

Көрменің мақсаты: кітапхана қорындағы құжаттарды пайдалана отырып,
алғаш Орхон-Енисей көне ұйғыр, манихей, т.б. жазба ескерткіштердің зерттелуіне байланысты еніп, дамыған Түркітану атауы туралы және университет баспасынан шығатын басылымдарымен таныстыру.

Көрме 5 бөлімнен тұрады:

  • Дала өркенитеінің бастауында
  • Археологиялық зерттеулер
  • Моңғол елінің тарихы
  • Орта ғасырдағы түркі елдерінің тарихы
  • Түбі бір түркі елі

Дала өркенитеінің бастауында. Қазақстан елінде табылған көне қазбалар ұсынылды. Оның ішінде тасқа қашалып жазылған көне түркі руна аліп-биі, Шығыс Қазақстан облысында табылған алтын адам туралы еңбектер ұсынылды. Зайнолла Самашевтың Жетісу жартас суреттері атты еңбегі қойылды, бұл еңбекте Қазақстан жеріндегі зерттеліп келе жатқан жартастағы суреттердің антроморфты және зоорморфты бейнелер, нышандық белгілер, сол замандағы көлік құралдары және басқада категориялар бойынша жасалған талдама баяндалған.

Археологиялық зерттеулер. Келесі бөлімде Қазақ халқының рухани мәдениетке бай көне Тараз, Отырар, Сығанақ атты қалалары мен Түркістьан қалоасындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен ілімі жайлы баяндалған еңбек қойылды. Орта ғасырдағы Сығанақ қаласы туралы алғаш рет жарық көрген кітап ұсынылды. Сонымен қатар Ғани Омаров, А.Авакова, Т.Төлеубаевтың еңбектері ұсынылды.

Моңғол елінің тарихы. Көрменің 3-бөлімінде Моңғолияның тарихы, Түркі-моңғол тайпаларының көне заманнан бергі қазіргі заманға дейінгі тарихы туралы еңбектерін көре аласыздар, Соның ішінде Чон-Алайдың энциклопедиясы және «Алтын шежіре» атты еңбектер ұсынылды.

Орта ғасырдағы түркі елдерінің тарихы.Көрменің бұл бөлімінде Орта ғасырдардағы түркілердік даму тарихы туралы еңбектері, моңғол тарихы туралы 11 томдық кітаптар, соңымен қатар қазақ тілі мен түркі тілінің байланысын ашып көрсететін еңбектер ұсынылды.

Түбі бір түркі елі. Бұл жерде әрине түркі тілдес елдердің арасындағы қарым қатынас деп осы сөрені көрсетсек болады. Көрменің 5-бөлімінде түркі тілі мен көне түркі тілдерінің тарихы баяндалған еңбектер қойылды. Алтай Аманжолов, Әділ Ахметов, Ғұбайдолла Айдаров пен Махмұд Қашқаридың еңбектері де осы бөлімде ұсынылған. Соңымен қатар біздің реткордың Түркітану сериясында шыққан еңбектері ұсынылған.

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған әлеуметтанушы қауым, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері т.б.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, газеттер, журналдар.

Яндекс.Метрика