Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, белгілі шығыстанушы, исламтанушы шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің «ЗАБЫТЫЕ МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ (IX-XX вв.)» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 07 мамыр 2022
Көрменің мақсаты: Қазақ халқының бойында тектiлiк болмыстың қалыптасуына ең алдымен ата-баба салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпының және рухани құндылықтардың рөлi зор. Рухани құндылықтар – адам өмiрiнiң ажырамас бөлiгi. Осындай Әбсаттар қажы Дербісәлінің рухани құндылықтарын болашақ ұрпаққа таныстару біздің негізгі мақсатымыз.
Көрме 4 бөлімнен тұрады:
- Ғалым.Мүфти.Қайраткер.
- Әбсаттар Дербісәлі әлемі
- Ұлы даланың дара тұлғасы
- Ислам – адамзаттың асыл тәжі
Ғалым.Мүфти.Қайраткер. Ә. Дербісәлі ұстаздық, ғалымдық қана емес, сондай-ақ қоғамдық қызметімен көзге түсті. Әбсаттар қажы Дербісәлінің әдеби-эстетикалық, тарихи-филологиялық және философиялық зерттеу еңбектері – туған әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуындағы үлкен жаңалық, ірі табыс.
Бұл бөлімде, Жүнісов. Ә. Бас Мүфти, Омарұлы. Б. Әбсаттар ағаның әлемі, Қызылжаров. Т. Ғалымның шығармашылық белесі, Құлбарақ. С. Жақсыдан қалған жәдігер, Сыдықов. Е. Әбсаттар Дербісәлі феномені, Бірманова. А. Қазақ ғалымы, Несіп. Ш. Шығыс жайлы білгір ғұлама атты мақалалар қойылды.
Әбсаттар Дербісәлі әлемі. Халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, ізгілікті ислам дінінің өлшемдерімен терең сабақтасып жатқан бұл секілді концептуалдық ойлардың мәні мен мәнісінде қазіргі күніміз, бүгінгі зайырлы қоғамымыз үшін бағалы гуманистік мазмұн, құнды ғибрат бар.
Көрменің бұл бөлімінде, Бұл бөлімде, Ә.Дербісәлінің «Шыңырау бұлақтар» (зерттеулер мен мақалалар) (1981), «Араб әдебиеті». Классикалық дәуір (1982), «Арабоязычная литература Марокко» (1983), «Мың бір түн» елінде» (1986), «Ежелгі араб жерінде» (1992), «Литература Марокко» (1993), «Қазақ даласының жұлдыздары» атты тарихи-филологиялық зерттеу (1995), «Мұхаммед Хайдар Дулати». Өмірбаяндық библиографиялық анықтамалық (1999) және т.б. еңбектерін қойдық.«Ислам және заман» кітапта, Қазақстан жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының доктары, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлінің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти ретінде діни — руханият саласында екі жыл ішінде атқарған басты іс — шаралар шежіресі, діндераралық түсіністік пен диалог, қоғамдық келісім, халықтар мен ұлттар һәм ұлыстар арасындағы ынтымақ пен достыққа және ізгілікке толы Ислам дінінің бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарын насихаттайтын қазақ — орыс тілдеріндегі сұхбаттары мен мақалалары жинақталған.
Ұлы даланың дара тұлғасы. Әбсаттар қажы Дербісәлі біраз жылдардан бері Ұлы даланың дара тұлғасы Әбу Насыр әл-Фараби және даламыздың өзге де ойпаздарының жазба мұрасын іздеп тауып, зерттеп, ғылыми айналымға енгізумен айналысты.Әл-Фарабидің бір ерекшелігі – ол жазбаған, ол қамтымаған тақырып жоқтың қасы. Заманында қандай ғылым саласы болды, соның бәріне қалам тербеген. Екінші бір ерекшелігі – ғылымды жүйелеген. Біреулер айтуы мүмкін, ғылымды Аристотель де жүйеледі ғой деп. Бірақ әл-Фараби ислам әлемінде бірінші болып жүйеледі ғой. Барлық ғылымды орны-орнына қойған. Мынау физика, мынау химия, мынау философия деп жіктеп берген. Тіпті, филологияның өзін бөлге.Бұл бөлімде Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Әбу Насыр әл-Фараби — Ұлы даланың дара тұлғасы» атты кітабы қойылды. Жинаққа шығыстанушы-ғалымның даланың дара перзенті жайлы ұзақ жылғы ізденістен туған қазақ және орыс тілдерінде әр жылдары жазған мақалалары мен ой-толғаныстары, сондай-ақ өзге ортағасырлық отыздан астам Отырар ойшылдарының өмір жолы мен еңбектерін зерделеген толғамдары енгізілген. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Ислам – адамзаттың асыл тәжі. Ислам мәдениетінің ұстанымдары мен халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы категориялары арасында қайшылық жоқтығын зерделей отырып, автор ата-ананы құрметтеу, Отанды сүю, жер тұтастығы мен ел бірлігін сақтау, үлкенді сыйлау, адалдық пен имандылық секілді рухани құндылықтарымызды қазақ халқының өте ерте замандардан бермен қарай қастерлеп келе жатқанын нақты әдеби мұра үлгілеріне сүйеніп дәлелдейді. Қасиетті Құран Кәрімнің өзі әлемдік әдеби ескерткіштердің теңдессіз асыл үлгілері қатарына жататыны белгілі.Алла алдындағы,адам алдындағы осыншалық кішіктік, тазалық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти һәм ғұлама Әбсаттар қажы Дербісәліге ғана лайықты һәм жарасымды. Ежелгі әдеби мұраларымыз бен Ислам мәдениетінің құндылықтарын пайымдаудағы халықтың дәстүрлі дүниетанымына негізделген гуманистік концепция, тарихи тұрғы, жаңа методология – Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі еңбектерінің жаһандық мәні бар бағалы ерекшеліктері.Сондай-ақ түркілер арасына Ислам дінінің таралуына ықпал еткен Самани, Ғазнауи, Тахири, Ғұри, Мәмуни, Алтунташ, Қарахан, Хорезмшах, Хазария, Еділ бұлғарлары, Алтын Орда мемлекеттерінің тарихы жан-жақты талданады.
Көрменің оқырмандық бағыты: Шығыстану факультетінің студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, кітап тұсау кесеріне келген қонақтар зиялы қауымдар.
Көрменің безендірілуі: кітаптар, дәйексөздер, фотосуреттер.
Егемен Казахстан газетінде жарияланған мақала осы жерде