ҚазҰУ-да « Қазақтың рухани тірегі – қазақ радиосы» атты апталық өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында  журналистика факультетінің ұйымдастырылуымен әл-Фараби кітапханасында « Қазақтың рухани тірегі – қазақ радиосы» атты апталық өтті.

Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы — Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.Республикалық Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. Орынбордан кейін Қазақ КСР-інің астанасы болған Қызылорда қаласында 1926 жылдың 3-ші қазанынан бастап, Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. Алайда, оның хабарлары маусымның бас кезінде ғана тұрақты түрде таралып, келемі тәулігіне алғашқыда 4 сағат, кейінірек 6 сағаттан 12 сағатқа дейін жеткізілді. Қазақ радиокомитетінің құрылымы 1939 жылы штаттық кестеге сәйкес: басшылық; үгіт және насихат секторы; «Соңғы хабарлар» редакциясы; музыкалык, хабарлар редакциясы; әдеби-драмалық хабарлар редакциясы; Балалар хабарлары редакциясы; шығару секторы; бұқаралық жұмыс және радиотыңдаушылар хаттары секторы; радиоландыру белімі; радиоәуесқойлар секторы; бақылау-инспекторлык тобы; механикалық хабарлар бөлімі; тораптық хабарлар секторы; атқарушы адамдар; қызмет керсетуші адамдар; кадрлар секторы; арнаулы бөлім болып бекітілді.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 2 желтоқсан 2021 ж

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  • Қазақтың рухани тірегі-қазақ радиосы
  • Ұлттың үкілі үні

Көрмеге қысқаша шолу

Қазақтың рухани тірегі-қазақ радиосы Қазақ радиосының тарихы Қазақ радиосы өзінің ғасырға жуық тарихында тұтас бір ұлттың тіршілік тінін, қайталанбас мәдени болмысын ұлағаттап келе жатқан ақпарат құралы. Ол қазақ мәдениетін сыр-жұмбаққа толы сұлу тұрпатында жеткізіп, ән-әуезге малынған алуан үндестікті сұңғыла сөзбен суреттеп келеді.    Қазақ АССР Халық комисарлары Кеңесі 1921 жылдың 29-шы қыркүйегінде республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы – Орынбор қаласынан қазан айынан бастап республикаға трансляция беріле бастады.

Ұлттың үкілі үні Ұрпақ сабақтастығы тағылымы мол ұлттық құндылықтар арқылы дәріптеледі. Ұлттық радио арқылы қазақтың салт — дәстүр, әдет — ғұрпын бойға сіңіру, танымын кеңейту арқылы ұлтына жанашыр, ұрпақ тәрбиелеуге назар аударылады.Рухани, қоғамдық, таным-тағылымы мол, өмірі үлгі ел тұлғаларымен сырласа отырып ұрпақтар сабақтастығын арттыруды көздейтін бағдарламасында қазақ халқының елдігі мен ерлігін, бірлігі мен тірлігінде өз қолтаңбасымен ерекшеленіп жүрген ел ағалары, атақты тұлға, өмірі үлгі қарапайым іскер азаматтардың да еңбегі насихатталып, өмір тарихы мен еңбек жолы, балалық шағына ойша саяхат жасай отырып, естелікке толы өмірі туралы бүкпесіз сыры ақтарылады.

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің безендірілуі: фотосуреттер.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы журналистика тақырыбына арналған материалдармен оқырмандарды таныстыру.

Яндекс.Метрика